БІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМДІ ҚАДІРЛЕЙМІЗ – Г.ЩЕРБАКОВА
Қазақстандықтар – біртұтас халық, және барлық этномәдени бірлестіктер елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін жұмыс істейді. BNews.kz берген сұхбатында Қызылорда облысының «Славяна» ЭМО басшысы Галина Щербакова осындай пікір білдірді.
«Славяне» этномәдени бірлестігінің жұмыс істеп тұрғанына 18 жылдай болды. Соңғы он жылда біздің орталық айтарлықтай қарқынды дамыды, нығая түсті. Қаланың үш мыңнан астам тұрғыны үнемі біздің бастамамызбен өткізілетін іс-шараларға қатысады, ал славян мәдениеті үшін дәстүрлі саналатын мерекелерді бүкіл қала болып атап өтеміз. Біздің орталыққа түрлі этнос өкілдері келеді, біз де оларды құшақ жая қарсы аламыз», - дейді Галина Щербакова.
Уақыт өте келе біз қызметімізді бастан-аяқ шолып шығып, ұсақ мәселелерді шешумен ғана шектеліп қалмау керектігін, орталыққа жастарды барынша кеңінен тарту, әлеуметтік проблемалардың түйінін тарқату қажеттігін ұғындық.
«Ол үшін жастармен және мектептердегі жұмысты жандандырдық. Президентіміз Н.Назарбаевтың «Біз әртүрліміз, бірақ бір елдің халқымыз» деген сөзі әрдайым еске оралады. Шынымен де, 130-дан астам этносты бір шаңырақтың астына ұйыстырған көпұлтты республикада тұрып жатырмыз. Бәріміздің өз ана тілімізді меңгеріп, сол тілде сөйлеуге құқығымыз бар, бірлесіп мереке өткізе аламыз. Біз біртұтас халықпыз, уақытпен санаспай туған жерімізде бейбітшілік пен келісімді сақтау, Қазақстан халқының бірлігін сақтау жолында тер төгіп келеміз. Барлық іс-шараға еңбек ардагерлерін, Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, тыл еңбекшілерін шақырып, олардың Отанға деген махабабаты мен құрметін өскелең ұрпаққа үлгі ету жақсы дәстүрге айналған», - дейді Щербакова.
Бүгінде орталық жанынан «Сударушки» хоры, «Гармония» вокалды тобы, «Надежда» жастар клубы құрылған.
Айта кетсек, 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланған еді.