ӨНДІРІСТІ ҚОЛДАУ ӨРІСТІ ІСКЕ ЖОЛ АШАДЫ
Кеше ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қызылорда облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Аймақтың ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстарды бағамдау мақсатында келген министр мен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев алдымен Қазалы ауданындағы іргелі шаруашылық «РЗА» акционерлік қоғамында болды. Онда 660 басқа арналған тауарлы-сүт бағытындағы ірі қара өсіру кешенінің тыныс-тіршілігімен танысты. Тәулігіне 30 тонна сүт өнімдерін өңдейтін сүт зауытының жұмысын көрді.
Облыста асыл тұқымды мал шаруашылығының дамуы мен сүт өндірудің болашағы туралы тарқатып айтсақ, нақты кезеңде мүйізді ірі қара ұстайтын 91 шаруашылықта 248 мың 900 бас ірі қара бар. Оның 1,8 пайызы, яғни 4400-і асыл тұқымды. 2700-і сүт бағытындағы мүйізді ірі қара. Осы сүт бағытындағы малдың 1639 басын аталған шаруашылық күтімге алып отыр. Өңірдегі барлық сүт бағытындағы мүйізді ірі қараның 60 пайызы да осы компания үлесінде.
Ірі ауыл шаруашылығы құрылымы болып саналатын «РЗА» АҚ сүт өндіруді жолға қойған. Зауыт жабдықтары Италия, Голландия, Германиядан ал сүтті ультрапастеризациялау желісі Италия елінен шығарылған. 2010 жылы Венгриядан асыл тұқымды 660 бас голштино-фриз мүйізді ірі қара сатып әкелініп, жерсіндірілді. Мұндағы асыл тұқымды сиырдың біреуі жылына 8479 литр сүт береді. Өнімділік облыстағы орташа көрсеткіштен 7 есе жоғары.
Акционерлік қоғам президенті С.Имандосов Ауыл шаруашылығы министріне қолға алынып отырған жоба мақсатын қысқаша жеткізді. Аймақ халқының сұранысы 70 мың тоннаны толық қамтамасыз етіп отырғанын мәлімдеді. Асылжан Сарыбайұлы өз сөзінде азық-түлік және сүт өнімдерін өңдіруде үлкен үлес қосып отырған кәсіп иесінің жобасын толық қолдайтынын айтты.
«РЗА» АҚ жұмысына оң баға берген министр Арал қаласында орналасқан «Арал балық өндеу зауыты» ЖШС жұмысымен танысты. Зауыт құрылтайшысы Талғат Жұқашев делегация мүшелерін балық өңдеу зауыты жұмысымен таныстырды.
«Қызылорда облысының Арал өңірінде балық өңдеуді және аква мәдениетті дамыту» жобасы бойынша салынған «Арал балық өңдеу зауыты» 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қарамағында қазіргі кезде елуге жуық жұмысшысы бар зауыт жылына 6 мың тонна балық өнімдерін шығарады. Дайын өнімдер ішкі және сыртқы нарыққа жөнелтіледі. Биылғы жылы зауыт еурокод алмақшы. Бұл өнімді әлем елдеріне сатуға мүмкіндік беретін стандарт. Қазірдің өзінде АҚШ, Қытай, Канада елдерінен сұраныстар түсуде.
Бірақ зауыт толық қуаттылығында жұмыс істеп тұрған жоқ. Басты себеп, зауыттың теңізден балық аулау үшін өткізілетін тендерге қатыса алмауы болып отыр. Яғни, өңдеуге қажетті шикізат жоқ.
– Балықтың 20-ға жуық түрін өңдейміз. Соның ішінде торта, көксерке, бекіре секілді су маржандарына сұраныс жоғары. Шикізатқа тәуелді болмау үшін балық өсіретін питомник салуды жоспарлап отырмыз, – деді зауыт директоры Талғат Жұқашев. Министр көтерілген мәселенің шешімін табуына ықпал ететінін жеткізді. Қазір өнім ТМД мемлекеттеріне еркін экспортталуда. Көксеркенің жон еті мен ақтабан, ақбалық, жайын етінен әзірленген жартылай фабрикаттар сұранысқа ие. Зауыт технологиясы экспортқа шығарылатын өнімнің жоғары сапалы болуына толық мүмкіндік береді.
Осы күні Ауыл шаруашылығы министрі Жалағаш элеваторының жұмысын көрді. Өткен жылы мұнда 16,2 мың тонна күріш өңделді. Қазір тәулігіне 150 тонна күріш өңдейтін қосымша зауыттың құрылысы жүріп жатыр.
Соңынан Қызылорда облысы әкімдігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Қазагроқаржы” АҚ арасындағы меморандумдарға қол қойылды. (Мәжілісте қаралған мәселелер туралы кеңейтілген есеп келесі нөмірде жарияланады.)
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ,
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.

***
Кеше Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың қатысуымен агроөнеркәсіп кешенінің кейбір мәселелеріне арналған мәжіліс өтті. Мәжілісте ауыл шаруашылығы саласындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер сараланды. Аймақтағы күріш, мал, балық шаруашылығының жай-күйі туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов хабарлама жасады. Қазіргі уақытта қолға алынған шаруашылықты әртараптандыру, мал өнімдерін экспортқа шығару мәселелерін атап өтті. Сондай-ақ су бағасы, субсидия жайы кеңінен талқыланды. Мәжілісте Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев, "Абзал және К” ТС басшысы, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, басқа да шаруа қожалықтарының төрағалары сөз сөйледі. Соңынан Қызылорда облысы әкімдігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Қазагроқаржы” АҚ арасындағы меморандумдарға қол қойылды. (Мәжілісте қаралған мәселелер туралы кеңейтілген есеп келесі нөмірде жарияланады.)
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ,
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.