Қызылордада «Жас кәсіпкер» жобасына қабылдау басталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 2019 жылдың 22 шілдесінен бастап оқыту басталатынын хабарлайды.
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2019-07/1563275136_16zhaskasipker1.jpg)
Жобаға қатысу үшін тестілеуден өту қажет, соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қалалық, аудандық филиалдарына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елдімекен, қала әкімдігіне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен сауалнама толтырады.
Өзімен бірге жеке куәліктің көшірмесі, мекен-жай анықтамасы, өтініш, үлгіге сәйкес толтырылған сауалнама парақшасы болуы керек.
Оқу ұзақтығы – 3 апта. Бірінші кезең бойынша тестілеу 2019 жылғы 22-23 шілде аралығында өтеді. Оқу 2019 жылғы 24 шілде – 09 тамыз аралығында жүргізіледі.
Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді және курс бітірушілеріне сертификаттар беріледі.
Толық ақпарат алу үшін келесі мекен-жайларға хабарласуға болады:
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы: Қызылорда қ., Желтоқсан көшесі, 12, телефон: 8/7242/400981, сайт: www.atameken.kz.
Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының мекен –жайлары:
Арал ауданы – Арал қ., Бактыбай батыр к-сі, 46 үй, тел.:8/72433/79199
Қазалы ауданы – Әйтеке би кенті – Әйтеке би к-сі, 9 «а» үй, тел.:8/72438/79243
Қармақшы ауданы – Жосалы кенті, Көшербаев к-сі, 36 үй, тел.:8/72437/79120
Жалағаш ауданы – Жалағаш кенті, Қазыбек би к-сі, 47 «а» үй, тел.:8/72431/79199
Сырдария ауданы – Тереңөзек кенті, Қонаев к-сі, 12 «а» үй, тел.:8/72436/79179
Шиелі ауданы – Шиелі кенті, Рысқұлов к-сі, 5 үй, тел.:8/72432/79255
Жаңақорған ауданы – Жаңақорған кенті, Иманов к-сі, 171 үй, тел.:8/72435/79120
Анықтама телефондары: 40-02-02, 40-09-81