ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ 2014 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
Облыстың 2014 жылға арналған әлеуметтік және экономикалық дамуының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына және «Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиясына» сәйкес қабылданған Қызылорда облысы әкімінің 2014 жылға арналған іс-қимыл жоспарында айқындалды.
Іс-қимыл жоспарының басты басымдықтары ретінде кіші кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау, апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешу, өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуші инфрақұрылымдарды дамыту, оның ішінде облысты газдандыру мәселесін дамыту белгіленді.
Іс-қимыл жоспарындағы 195 іс-шараның 80%-ға жуығы толығымен орындалды. Ұзақ мерзімде жүзеге асырылатын іс-шаралар Қызылорда облысы әкімінің 2015 жылға арналған іс-қимыл жоспарының аясында жалғасын табатын болады.
Жалпы аймақта экономиканың және әлеуметтік сала дамуының оң серпіні сақталды.
2014 жылдың қорытындысымен өңдеуші өнеркәсіп саласы өнімдерінің көлемі 7,9%-ға артты, ал республикалық орта көрсеткіш 1%-ды құрады.
Ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер күріштен жақсы өнім алды. Мал басының өсу үрдісі байқалады.
Шағын және орта бизнес субъектілері белсенділері санының арту қарқыны республика өңірлерінің ішінде барынша жоғары болып отыр.
Жыл ішінде экономика салаларында 11 мыңнан аса жұмыс орындары ашылды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда айтарлықтай көбейген. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5%-ға дейін төмендеді, бұл республикалық орташа көрсеткіш деңгейінен аспайды.
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге қол жеткізілді, 2013 жылғы 6,7%-дан 2014 жылы 4,7%-ға дейін азайды.
300 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 108,6%-ды құрайды.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ облысты газдандыруға бағытталған 23 млрд. теңге қаржыны құрайтын ресурстарды игеруді бастады.
Көлік тасымалы саласының барлық көрсеткіштері бойынша оң өсу үрдісі сақталуда. Бөлшек сауда көлемі 22%-ға артты.
Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы 7%-ға өсіп, 99220 теңгені құрады.
Айқындалған басымдықтарға сәйкес өткен жылы апаттық жағдайдағы мектептердің (24) орнына бірден 12 мектеп құрылысы басталды.
Азық-түлік тауарларына тұтынудың индекстік бағасы 107,5%-ды құрады, бұл жалпы еліміз бойынша көрсеткіштен төмен (108%).
ЭКОНОМИКА.
Бюджет.
Бюджеттің кіріс бөлігі.
Облыс шоғырландырылған бюджетке (мемлекеттік бюджет және Ұлттық қор) 402,2 млрд. теңге мөлшерінде кіріс түсіруді қамтамасыз етті (республика аймақтары арасында 7-ші орын).
Мемлекеттік бюджетке 2014 жылы жоспардағы 85,4 млрд. теңгенің орнына, 88,2 млрд. теңге кіріс түсті, яғни 103,4%-ды құрап, болжамнан артық 2,8 млрд. теңге кіріс түсті.
Республикалық бюджет жоспары 99,7%-ға орындалды. Бұл ретте болжамдарды орындау жағынан Қызылорда облысы республика өңірлері бойынша рейтингте бірінші орында тұр.
Жергілікті бюджет бойынша болжам 105,1%-ға орындалды. Кіріс көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 14 млрд. теңгеге артты.
Жыл көлемінде бюджетті 22,4 млрд. теңгеге толықтырудың қосымша көздерін іздестіру қамтамасыз етілді, бұл өз кезегінде аса өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуді жалғастыруға мүмкіндік туғызды.
Бюджеттің шығыс бөлігі
Облыс бюджеті 2014 жылы 207 млрд. теңгеге жетті, бұл 2013 жылға қарағанда 28,1 млрд. теңгеге артық. Оның ішінде күрделі тұрғыдағы шығыстар (құрылыс, күрделі жөндеу, құрал-жабдықтар сатып алу) 62 млрд. теңгені құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,3 млрд теңгеге немесе 4%-ға (2012 жылмен салыстырғанда 25,4 млрд. теңгеге немесе 70%-ға) артты.
Бюджет шығыстарының жалпы көлемінің 58 пайызы әлеуметтік саланы дамытуға бағытталды. Оның ішінде, білім беру саласының шығындары 2013 жылмен салыстырғанда 9 млрд. теңгеге (немесе 16%-ға) артып, 66,3 млрд. теңгені құрады, денсаулық сақтау саласында 3,9 млрд. теңгеге (13%-ға) артып, 33 млрд. теңгені құрады, көлік және байланыс саласында 1,7 млрд. теңгеге (17%-ға) артып, 11,6 млрд.теңгені құрады, мәдениет және спорт саласында - 3,9 млрд. теңгеге (47%-ға) артып, 12,2 млрд.теңгені құрады.
Жан басына шаққанда бюджет қаражатының шығыстарын жұмсау деңгейі бойынша өңіріміз республикада төртінші және әлеуметтік салаға жұмсау бойынша бірінші орында. Жан басына шаққандағы шығыстардың орташа республикалық көрсеткіші 2014 жылы 212,3 мың теңге болса, Қызылорда облысы бойынша ол 263,8 мың теңгені құрады (24%-ға артық). Оның ішінде, әлеуметтік салада жан басына шаққандағы шығыстардың республика бойынша орташа көрсеткіші 120 мың теңгені құраса, облыс бойынша 168 мың теңге (40%-ға артық) болды. Атап айтқанда:
-білім беру саласында - 88,4 мың теңге, республика бойынша орташа 60,9 мың теңге (45%-ға артық);
- денсаулық сақтау саласында – 44 мың теңге, республика бойынша орташа 32,7 мың теңге (35 %-ға артық);
- әлеуметтік қорғау саласында – 10,3 мың теңге, республика бойынша орташа 7,1 мың теңге (45%-ға артық);
- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікте – 16,4 мың теңге, республика бойынша орташа 12 мың теңге (37%-ға артық).
Бюджеттің орындалуы
2014 жылға Қызылорда облысының бюджеті шығыстар бойынша 99,7% орындалды (жоспар 207 млрд.теңге болғанда - орындалуы 206,4 млрд.теңгені құрады). Игерілмегені 648,6 млн.теңге (2013 жылы игерілмеген қаржы 2,8 млрд. теңгені құраса, 2012 жылы – 4,8 млрд. теңге)
Коммуналдық меншікті басқарудың тиімділігін арттыру.
Облыстың коммуналдық меншігіне 718 мемлекеттік мекеме, 427 коммуналдық кәсіпорын қарайды және 17 ЖШС мен 2 АҚ-да мемлекеттің үлесі бар.
Егер де 2013 жылдың қорытындысы бойынша жалпы қаржылық нәтиже әлі де теріс болған болса (шығындар 463 млн. теңгені құраған), 2014 жылы коммуналдық меншіктегі объектілердің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесімен, алдын-ала алынған мәліметтерге сәйкес пайда 821,5 млн.теңгені құрады.
2010 жылдан бері облысымызда «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ қызмет жасап келеді.
2013 жылы ӘКК қызметі шығынсыз деңгейге жеткізілді. Шоғырландырылған көрсеткіштері бойынша (еншілес және тәуелді компанияларды есепке алғанда) акционерлік қоғам өткен жылдардағы шығындарын жауып, 2013 жылды 9,7 млн.теңге пайдамен аяқтады және де бюджетке үлес пайдаларын төледі.
Алдын-ала алынған мәліметтер бойынша 2014 жылды да 52,8 млн.теңге пайдамен аяқтады.
2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап мүлікті жария ету жұмыстары басталды.
Жыл аяғына қарай мүлікті жария етуге облыс бойынша барлығы 234 өтініш түскен,оның ішінде 282-сі жылжымайтын мүлік нысандары.
Жария етуге ұсынылған мүліктердің жалпы құны 1,3 млрд. теңгені құрады. 147 арыз бойынша сомасы 628,3 млн.теңге құрайтын 169 жылжымайтын мүлік нысандары жария етілді.
Сонымен қатар, 2014 жылы жекешелендірудің екінші толқыны басталды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» №280 қаулысына сәйкес облыс бойынша жекешелендіруге жататын 6 коммуналдық меншіктегі ұйым мен «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-ның 11 еншілес және тәуелді ұйымдары анықталды. 2014 жылғы кестеге сәйкес ӘКК екі жобадағы үлесі бәсекелестік ортаға жіберілді («Шоғырлы сүт» ЖШС және «Қызылорда балық ӘКК» ЖШС).
Индустриалдық-инновациялық даму.
2014 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1132 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың деңгейінен 3,1%-ға төмен болды. Бұл - жұмыс істеп тұрған мұнай кеніштерінің сарқылуына және мұнай шығару көлемінің қысқаруына байланысты болып отыр. 2014 жылы 9,9 млн. тонна мұнай өндірілді, яғни 2013 жылға қарағанда 6,3%-ға кем.
Сонымен қатар, азық-түлік тағамдары өндірісінің, химиялық өнеркәсіптің, резеңке және пластмасса өнімдерінің, мұнай өңдеудің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде едәуір өсуге қол жеткізілді, физикалық көлем индексі 107,9%-ды құрады.
Жыл ішінде жалпы құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын 12 индустриялық нысан пайдалануға беріліп, онда 700-ден аса тұрақты жұмыс орындары құрылды.
Қазақстанды индустрияландыру картасы аясында облысымызда жалпы сомасы 189, 8 млрд. теңгені құрайтын 26 жоба (оларда 3 мың жұмыс орны және құрылыс кезінде қосымша 3,1 мың жұмыс орны құрылатын болады), оның ішінде аймақтық карта аясында, жалпы құны 137,7 млрд.теңгені құрайтын 25 жоба бар.
2010-2014 жылдары 82 млрд. теңге соманы құрайтын 17 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде, 523 жұмыс орындары құрылады деп жоспарланған құны 3,9 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба пайдалануға берілді. Нақтысында 1000 жұмыс орны құрылды.
Атап айтқанда:
1)«Химиялық реагенттерді өндіруді жетілдіру өндірісінің көлемін ұлғайтуды жаңғырту» жобасы, құны – 500 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 2000 тонна. Нысан 2014 жылдың қаңтарында пайдалануға берілді.
Компаниямен өндірілетін химиялық реагенттер мұнай құбырларындағы қақтарды жоюға аса тиімді. Аталған реагенттерді қолдану құбыр жүйелерінің коррозияға ұшырауына жол бермей, оның пайдалану мерзімін ұзартады.
2014 жылдың өзінде 2 мың тонна шамасында реагенттер өндірілді, яғни, өндіріс толық қуатпен жұмыс жасауда.
Бүгінгі күні облыстағы мұнай компанияларымен өнімдермен қамтамасыз ету келісімшарттары жасалды.
2) «Ас және техникалық тұз өндірісін жаңғырту» жобасы жұмыс жасап тұрған тұз шығаратын өндірісті кеңейтуге бағытталған. Жоба құны – 2,1 млрд.теңге. Қуаттылығы – жылына 213 мың тонна тұз.
Жаңғыртуға дейін «Арал Тұз» АҚ жылына 120 мың тонна тұз өндірді, оның ішінде 80 мың тонна ас тұзы, 40 мың тонна техникалық тұз. Жаңа зауыттың іске қосылу нәтижесінде өндіріс қуаттылығы – 1,8-есеге ұлғайтылды.
3) Жалағаш ауданындағы «Мия тамырын өсіру және қайта өңдеу» жобасы шетелдік капиталдың (ҚХР) қатысуымен жүзеге асырылды. Жоба құны – 1,8 млрд.теңге. Қуаттылығы жылына - 1000 тонна мия тамыры сығындысы, 100 тонна моноаммонии глициризинаты. Бірінші кезеңде өнімнің 3 түрін өндіру жоспарлануда, өндіріс көлемі жылына - 746 тоннаны құрайтын болады.
Индустрияландырудың республикалық картасы аясында «Қызылорда қаласындағы қуаттылығы жылына 197 100 тонналық беттелген шыныны өндіру және өңдеу зауытының құрылысы» жобасы бойынша Қызылорда қаласының индустриалдық аймағынан 50 га жер телімі бөлінді. Бюджет қаражаты есебінен инженерлік инфрақұрылым жүргізілді. ТЭН, ЖСҚ бойынша әзірлеу жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.
Индустрияландыру картасы аясында 2014 жылы іске қосылған жаңа өндірістер қазірдің өзінде 10,8 млрд. теңге көлемінде өнім өндіріп үлгерді. 2013 жылмен салыстырғанда өнім көлемі 35%-ға өсті (8 млрд. теңге).
Мұнан бөлек, өткен жылдың қаңтарында «SmartRubber» ЖШС-ы тозығы жеткен автокөліктердің дөңгелектерін қайта өңдеу және жоғары сапалы резеңке үгінділерін алу, сондай-ақ жер асты суару құбырларын жасау желісі бойынша зауытты іске қосты. Зауытта «жасыл экономика» принциптеріне толық сәйкес келетін инновациялық неміс технологиясы қолданылады. Қуаттылығы - жылына 270 тонна резеңке үгіндісі, 440 тонна пәрменді резеңке үгіндісі, 3,9 млн. метр жер асты суару құбырлары.
2014 жылдың шілде айында құрамында токсинді-сынапты энергияүнемдегіш лампыларды жинақтау және залалсыздандыру желісі пайдалануға берілді. Жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бөлінген грант есебінен қаржыландырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау ретінде өнеркәсіп 0,5 га көлемінде жер учаскесін алды. Өндірістің іске қосылу сәтінен бастап 10 мыңнан аса лампы залалсыздандырылды.
2014 жылғы қыркүйекте «Табиғи тас оңтүстік» ЖШС құны 900 млн. теңге құрайтын, қуаттылығы жылына – 40 мың тонналық «Қиыршық тас шығаратын зауытты» пайдалануға берді. 2014 жылы 54,3 млн. тонна қиыршық тас, сонымен қатар 21,1 млн. теңгеге кесек тас өндірілді.
Осылармен қатар, «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы теміржол составтарына арналған қосалқы және жиынтық бөлшектерді өндіруді жолға қою мақсатында Қызылорда қаласында машина құрастыру зауыты құрылысы бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде. Аталған жобаны бірлесіп жүзеге асыру жөнінде «Байқоңыр» ӘКК мен «Азиаш» ЖШС арасында келісімге қол қойылды. Жобаға қатысатындығын «Strojirna TYC.s.r.o.» чех компаниясы да мәлімдеп, бірлесіп жұмыс атқару жөнінде меморандумға қол қойылды. Бұл компания сандық бағдарламалық басқару жүйесі бар технологиялық құрал-жабдықтар жеткізуге ықпал ететін болады.
Облыс аудандарында 2014 жылы төмендегі нысандар пайдалануға берілді:
Қазалы ауданында:
-құны 16,6 млн.теңге құрайтын құрылыс материалдары өндірісі (ЖК «Рахметов»);
-құны 10 млн. теңге құрайтын нан цехы (ЖК «Т. Бейсенали»);
-құны 6 млн.теңге құрайтын құрылыс материалдары өндірісі (Ар-М-Кон» ЖШС).
-Жалағаш ауданында:
-құны 9 млн. теңгелік мал бордақылау кешені мен мал сою нүктесі (ЖК «Қанатбаева»).
Шиелі ауданында:
-қуаты жылына 60 мың тонна өнім шығаратын әк зауыты («Шиелі тас оңтүстік» ЖШС). Жоба құны – 777 млн. теңге;
- қуаты жылына 250-300 тонна мия ұнтағын әзірлейтін мия тамырын өңдеу зауыты («Мия Шиелі» ЖШС). Жоба құны - 612 млн. теңге.
Индустриялық аймақтар құру
Облыстың барлық 7 ауданында және Қызылорда қаласында индустриялық аймақтар құрылуда.
Өткен жылы республикалық бюджет есебінен облыстың 4 ауданында (Арал – 191,9 млн. теңге, Қазалы – 153,6 млн. теңге, Жалағаш – 271,7 млн. теңге, Шиелі – 217,5 млн. теңге) индустриялық аймақтарға инженерлік инфрақұрылымдар тартылды.
Құрылған аймақтарда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар басталды: Арал ауданында – 359 млн. теңгеге 2 жоба, Қазалы ауданында – 141,2 млн. теңгеге 6 жоба, Жалағаш ауданында – 131 млн. теңгеге 4 жоба, Шиелі ауданында – 1,4 млрд. теңгеге 3 жоба.
Сондай-ақ, Сырдария және Қармақшы аудандарындағы индустриялық аймақтардың инженерлік инфрақұрылымдар құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Өңірді дамытудың стратегиялық басымдылықтарына сәйкес металлургиялық кешенді қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.
2014 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кен-металлургия Кеңесінде «Қызылорда облысының кен-металлургия кешенін дамытудың Жол картасы» бекітілді.
«Жол картасының» бастапқы кезеңінде келесі жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр:
-кенішті кеңейту және «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнынан өнімділігі жылына 4 млн. тонна руда шығаратын кен-байыту комбинатының құрылысы;
-«Бала-Сауысқандық» ванадий кен орнының рудалық қорын кеңейту және руданы қайта өңдеу көлемін жылына 1 млн. тоннаға дейін арттыру, сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы ферроқорытпа зауытының құрылысы;
«Шалқия» кен орны бойынша «Самұрық-Қазына» ҰК бірлесіп құқық берушілік барлық құжаттарды ресімдеу аяқталды және қайта сауықтыру процесі басталды. Бүгінгі күні жөндеу - қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Одан басқа, «Байқоңыр» ӘКК ҰК» АҚ Қызылорда қаласында ферроқорытпа зауыты құрылысының жобаға дейінгі құжаттамаларын әзірледі. Кәсіпорын үшін Қызылорда қаласында құрылатын индустриалдық аймақтан аумағы 50 га жер телімі бөлінді.
Кәсіпкерлікті дамыту
2014 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдауға 1,4 млрд. теңге бағытталды.
Атап айтсақ, облыста жалпы сомасы 6,9 млрд. теңгелік 80 жобаға субсидия берілуде. Несиелерді ішінара кепілдендіру бойынша 90 млн. теңге бөлінді. Егер 2010-2013 жылдары бұл бағытта 23 жобаға қолдау көрсетілсе, 2014 жылдың өзінде 31 жоба болып отыр. Гранттық қаржыландыру бойынша 12 млн. теңге, валюталық кредиттері бар кәсіпорындарға қолдау көрсету үшін 70 млн. теңге бөлінді. Жұмыс жасап жатқан бизнесті сервистік қолдау аясында 47,5 млн. теңге қаржыландырылды. Облыстың 621 кәсіпкеріне тегін негізде және салалық шектеусіз бизнес жоспарларын жасауға, бухгалтерлік есептерін жүргізуге, кедендік құжаттарын ресімдеуге, заң қызметін көрсетуге, мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін құжаттар ресімдеуге, сертификаттау стандарттарын және IT технологиясын ендіруге ықпал жасау бойынша кешенді сервистік қызметтер көрсетілді.
Аймақтық Кәсіпкерлер Палатасы бизнесті дамытуда айтарлықтай роль атқарып келеді, өз қызметі аясында көптеген маңызды бастамаларды жүзеге асырып, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай туғызуға ықпал етуде.
Жыл ішінде облыс әкімі жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің 13 отырысы өткізілді, онда 20 жоба қаралып, 18-і қолдау тапты, 2 жоба жетілдірілу үстінде.
Аймақтық инвестициялық орталық құрылды.
ІІІ және ІҮ инвестициялық форумдар өткізілді, онда инвесторлармен өзара ынтымақтастық жөнінде 15 меморандумға қол қойылды.
«Еуразиялық Экономикалық Одақ жағдайындағы Қызылорда облысының жаңа инвестициялық мүмкіндіктері» тақырыбында өткен соңғы, ІҮ инвестициялық Форум аясында Байқоңыр қаласында Еуразиялық Экономикалық Комиссияның кәсіпкерлік мәселелері бойынша кеңесші комитетінің алтыншы отырысы өткізілді.
41 кәсіпорын қатысқан «Қазақстанның үздік тауарлары - 2014» аймақтық байқау көрмесі өткізілді.
«РЗА» АҚ (Қазалы ауданы) республикалық «Алтын Сапа» және «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсының «Гран-при» жүлдесін алуы өткен жылдың маңызды оқиғалары болды.
Мемлекет Басшысының тексерулерге мораторий жариялаған жағдайында, сондай-ақ, атқарылған жұмыстар нәтижесінде жыл ішінде белсенді кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5,5%-ға артты. Өсу қарқыны бойынша облыс республика аймақтарының арасында І орынды иеленді. Олардағы жұмыспен қамтылғандардың саны 17%-ға артып, 83,5 мың адамды құрады.
Банк секторы
2014 жылдың басында жүргізілген ұлттық валюта бағамының өзгеруі облыстың банктік жүйесінің қызметіне айтарлықтай әсер ете қойған жоқ. Жыл көлемінде екінші деңгейдегі банктер филиалдарында нақты ақша жетімсіздігі байқалған жоқ.
Сыртқы жағымсыз факторлардың әсеріне қарамастан 2014 жылы облыстағы екінші деңгейдегі банктермен 119,3 млрд. теңге несие берілді, бұл 2013 жылы берілген несиелерден 5,5 млрд. теңгеге (4,8%) артық. Оның 37,2 млрд. теңгесі (19,3%-ға артық) заңды тұлғаларға берілген болса, оның 15,9 млрд. теңгесі кіші бизнес субъектілерін қолдауға бағытталған, яғни 2013 жылға қарағанда 5,8 млрд. теңгеге артық. Жеке тұлғаларға 82,1 млрд. теңге көлемінде несие берілді. (2013 жылы - 82,7 млрд.теңге).
Тұрғындар салымдарының көлемі 2015 жылдың 1 қаңтарына 40,3 млрд. теңгені құрады және жыл ішінде 5,5 млрд теңгеге артты.
2014 жылы облыста «ДБ «Сбербанк России» АҚ филиалы өз жұмысын бастады, бұл өз кезегінде халыққа, ірі және орташа кәсіпорындарға, кіші және орта бизнес субъектілеріне көрсетілетін банктік қызмет ауқымын кеңейтуге ықпал етеді.
Ауыл шаруашылығы.
Өткен жылы ауыл шарушылығын қолдауға бюджеттен 8 млрд. теңге бөлінді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 47%-ға артық.
Өсімдік өсіру.
2014 жылы облыс бойынша 161,4 мың га-ға ауылшаруашылығы дақылдары егілді (олардың 87,1 мың га – дәндідақылдар, 55,5 мың га – малазығындық, 18,0 мың га картоп, көкөніс, бақша дақылдары,839 мың га май және техникалық,81,2 мың га – күріш).
Негізгі дақыл - күріштің орташа өнімділігі әрбір гектардан – 50,1 центнерді құрады.
«Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты» жаңадан күріштің бәсекеге қабілетті сорттарын шығару, заманауи агротехнологияларды енгізу, өнімділігі жоғары ауылшаруашылық дақылдарының түрлі сорттарын ендіруде ғылыми жұмыстар жүргізуде.
Күріш өсірумен айналысатын шаруашылықтарды қолдау жұмыстары жалғасын табуда. 2013 жылы ӘКК-сы күріштің 1 келісін 40 теңгеден түсірмей сатып алу жөнінде «Байқоңыр» Агрохолдингімен» шешім қабылданған болатын. 2014 жылдың күріш салысын сатып алу 1 келісіне 50 теңге болып бекітілді. Нәтижесінде, Агрохолдингпен 42 күріш шаруашылықтарынан 810 млн. теңгені құрайтын 14062 тонна күріш салысы сатып алынды. Бұл - күрішшілерге ауылшаруашылығы құрылғылары мен техникаларын жаңартуды бастауға мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда Жалағаш элеваторында жаңа құрал-жабдықтарды құрудың монтаждық жұмыстары жүргізілуде.
Мал шаруашылығы.
2015 жылдың 1 қаңтарына облыста 251,2 мың бас ірі қара, 552,6 мың бас қой мен ешкі, 80,8 мың бас жылқы, 34,5 мың бас түйе, 2,2 мың бас шошқа және 83,3 мың бас тауық бар екендігі есептелді. Ірі қара мал басының 0,9%-ға, қой - 1,2%-ға, түйе – 3,9%-ға өскені байқалады.
Мал шаруашылығы саласының тиімділігін арттыру мақсатында еліміздегі алдыңғы қатардағы «Туған жер» ШҚ ғылыми орталығының ғалымдарымен бірлесіп, Жалағаш ауданында қой еті бағытындағы «еділбай» тұқымын көбейту жөнінде селекциялық жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан басқа «Батыс Қазақстан облысының өсімдік өсіру және мал өсіру ғылыми-зерттеу институты» мамандарымен бірге әлемдік нарықта сұранысқа ие болып отырған «қаракөл» тұқымының сұр түсін, қойдың «атыраулық майлы-етті елтірі» тұқымын көбейту ұйымдастырылды.
«Ірі қара мал етінің экспортталу әлеуетін дамыту» жобасы аясында 2011-2015 жылдары 8700 бас ірі қара мал аналығын сатып алу және 5000 бас ірі қара малын бордақылау алаңдарын ұйымдастыру жоспарланған.
2011-2014 жылдары «ҚазАгро» АҚ несиелік қаржысы есебінен 1734, 5 млн. теңгеге 221 шаруа қожалықтары ет бағыты бойынша 9858 бас аналық сиыр мен 539 бас асыл тұқымды бұқалар сатып алынды. Осымен, төртжылдық жоспар 140,8%-ға орындалды.
Оның ішінде 2014 жылы облыстың 50 шаруашылығы несие есебінен барлығы 421 млн. теңгеге 2364 бас ірі қара мал аналығын сатып алды (жоспар 139%-ға орындалды).
Сондай-ақ, ет өндіру бағытында 139 бас «Қазақтың ақбас сиырлары» және «Әулиекөл» асыл тұқымды бұқалары сатып алынды, бұл жоспарлағаннан 2,4 есеге көп.
«Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ арқылы облыстың 12 шаруашылығы 5627 бас қой сатып алды, оның ішінде 327-сі асыл тұқымды қошқарлар. Одан басқа, 5 шаруашылық өз есептерінен 4470 бас қой сатып алды.
«Құлан» жобасы аясында 19 шаруашылық 613 бас жылқы, (жоспар - 300 бас), оның ішінде жалпы сомасы 178,9 млн. теңгеге 73 бас асыл тұқымды айғырлар сатып алды.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту өндірілетін өнімнің сапасы мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді.
2014 жылы мемлекеттік ветеринарлық ұйымдарды материалдық-техникалық жағынан жабдықтауға 424,8 млн. теңге бөлініп, қажетті автокөліктер мен ветеринарлық құрылғылар сатып алынды. Облыс бюджеті есебінен ветеринарлық пунктер үшін 133 ғимарат сатып алынды.
Балық шаруашылығы.
Соңғы 3 жыл ішінде балық аулау 2 мың тоннаға немесе 40 %-ға артты.
2014 жылы ауланған балық 6,7 мың тоннаны құрады (Кіші Аралдан – 5,6 мың. тонна) және 2012 жылмен салыстырғанда 34% -ға өсті.
Балық өнімдері жақын және алыс шетелдерге – Украина, Грузия, Дания, Польша, Австрия және Германияға экспортталады. Былтырғы жылмен салыстырғанда экспорттау 74%-ға өсті.
Қазіргі таңда жалпы жылдық қуаты 11 мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Барлық балық өңдеу кәсіпорындары халықаралық стандарттарға сәйкес қажетті құрылғылармен жабдықталған.
Өткен жылы «Бахыт» ШҚ-на евростандарттарға сәйкес өндіріп отырған өнімдеріне еврокод алынды.
Саланы дамыту мақсатында «Байқоңыр» ӘКК балық өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сату бойынша 4 инвестициялық жобаны және тауарлы балық шаруашылығын дамыту бойынша 1 жобаны жүзеге асыруда.
Атап айтқанда, Арал қаласында қуаттылығы 6 мың тонналық Арал балық өңдеу зауытын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорында менеджменттік басқарудың стандарттары мен тағам өнімдері сапасының қауіпсіздігі енгізілген. Сонымен қоса, балық өнімдерін экспорттауды жүзеге асыру мақсатында евро санды алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Байқоңыр» ӘКК балық өндірісін дамыту мақсатында 459 га көлеміндегі Иіркөл тоғандап балық өсіру шаруашылығын қайта қалпына келтіру жобасын жүзеге асыруда. 166 гектарлық екі тоған «Болат» ұжымдық шаруашылығына жалға берілді, онда қазір тоған суын жаңарту және балықтар жіберу жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін 130 мың бас шабақтар дайындалды.
Азық-түлік қауіпсіздігі.
2014 жылдың желтоқсан айында азық-түлік тауарларының индекстік бағасы 107,5 пайызды құрады, бұл республикалық орта көрсеткіштерден (108%) төмен болып отыр.
Сырттан әкелінетін азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында, әлеуметтік маңызы зор тауарларға өндірушінің босату бағасының өсуін 5-10%-дан асырмау үшін, 46 ірі тауар жеткізушілермен меморандум жасалды.
2014 жылы тұрғындарды сапалы әрі арзан картоппен, жеміс –жидекпен және басқа ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 60 ауылшаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылды, ондағы бағалар базар бағасынан 15-20 %-ға төмен болды.
Тұрақтандыру қоры тиімді жұмыс істейді, 13 әлеуметтік дүкендер арқылы оның өнімдері базар бағасынан төмен бағамен (10-20%-ға) сатылуда. Облыс жұртшылығын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы 500 тонна картоп, 1000 тонна жуа, 500 тонна сәбіз, 87,6 тонна күріш, тағы басқа өнімдер сатып алынды.
Олармен қоса, 1-ші сортты бидай ұнынан жасалатын нанның бағасын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ және Қызылорда облысы әкімдігінің арасында тиісті меморандумға қол қойылды. Меморандумға сай облысымызға 18,5 мың тонна ұн әкелінді, осының нәтижесінде нанның орташа бағасы 40 теңге көлемінде сақталуда.
Экология
Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» (РРССАМ-2) жобасының екінші кезеңі «Қазақстанның су ресурстарын басқарудың 2014-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына» енгізілді. Жобаның құны 23,2 млрд. теңгені құрайды.
Дүниежүзілік Банктің қаржылық займы (85%) және республикалық бюджет қаржысы (15%) есептерінен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасына қаржы бөлу жөнінде республикалық бюджеттік комиссиясының оң шешімі алынды. Жобаны жүзеге асыру үстіміздегі жылға жоспарлануда.
Экологиялық жағдайды жақсарту және елді – мекендерді егіндік сумен қамтамасыз ету үшін 2014 жылы 12 каналды тазарту жұмыстары жүргізілді, 12 бірлік су сорғыш құралдары қойылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауыл тұрғындарының 852 гектар жерге бақшалық өнімдер мен жеміс –жидектер егулеріне және 1,9 мың гектар жайылымдық жерлерінің суландырылуына мүмкіндік жасалды.
Тұрғын үй құрылысы және абаттандыру.
2014 жылы облыста 293,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 108,6%.
«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламалары аясында 2014 жылы 37,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (435 пәтерлік 89 үй). Олардың ішінде:
-кезекте тұрғандар үшін 108 пәтерлік 67 үй (7,6 мың шаршы метр). Оның ішінде Арал, Қазалы, Шиелі, Қармақшы, Жаңақорған аудандарында 12 үйден, Жалағаш ауданында 8 үй, Қызылорда қаласында 1 үй;
- Қызылорда қаласында жас отбасылар үшін 220 пәтерден тұратын
5 үй (19,6 мың шаршы метр);
-даму әлеуеті төмен елді мекендерден көшіп келген отбасылар үшін
88 пәтерлік 15 үй (8,2 мың шаршы метр), оның ішінде 14 пәтерлік 7 үй Қармақшы ауданында, 74 пәтерлік 8 үй Қызылорда қаласында;
-апаттық жағдайдағы баспаналардың орнына Қазалы ауданында
18 пәтерлік 1 үй (1,8 мың шаршы метр);
-Арал ауданында 1 коммуналдық үй (0,1 мың шаршы метр)
пайдалануға берілді.
Осылармен қатар, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік Қорының бағдарламасы аясында Қызылорда қаласында, әрқайсысы 35 пәтерден тұратын (барлығы - 210 пәтер) 6 үй құрылысы басталды. Ол үйлердің құрылысын 2015 жылы аяқтап, 17,2 мың шаршы метр баспананы тұрғындарға беру жоспарлануда.
Сондай-ақ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Қызылорда қаласында 280 пәтерлік 5 үй салуды жоспарлап отыр. Ол үйлердің құрылысын 2015 жылы аяқтап, 17,2 мың шаршы метр баспананы тұрғындарға беру жоспарлануда.
2014 жылы облыстың елді-мекендері мен Қызылорда қаласының инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымына 2,1 млрд. теңге бағытталды.133,9 шақырым инфрақұрылымдық желілер пайдалануға берілді.
2014 жылы Қызылорда қаласы мен облыстың елді–мекендерін абаттандыруға 3,3 млрд. теңге бөлінді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Сумен жабдықтау
2014 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған су құбыры жүйесіне облыс тұрғындарының 94%-ы тұратын 262 ауылдық елді мекеннің 185-і немесе 71%-ы қосылды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жүргізілген жұмыстар нәтижесінде облысқа 23 жобаны жүзеге асыру үшін 6 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.
Жиделі топтық су құбырына 8 ауылды қосу (1,1 млрд. теңге) жұмыстары мен Жаңақорған ауданындағы Талап топтық су құбырының құрылысы (1,2 млрд. теңге) жүргізілуде;
50 шақырым су құбыры жүйесіне 961 дана су есептегіш құралдары орнатылып, қайта жаңғыртылды;
Шиелі ауданындағы Жөлек, Алмалы, Тәжібаев елді мекендерінің ішкі қоныстық су құбырлары жүйесін қайта жаңғырту аяқталды.
2014 жылы Арал ауданының Сексеуіл, Қазалы ауданының Байқожа, Қармақшы ауданының Ақай, Тұрмағамбет, Жосалы, Жалағаш ауданының Бұқарбай, Ақсу, Сырдария ауданының Аманкелді, Ақжарма, Мәлібаев, Бесарық, Жаңақорған ауданының Түгіскен, Қызылорда қаласының Абай, Айнакөл, Ақжарма және Махамбетов елді мекендерінің су құбырлары жүйелеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Газбен жабдықтау
2014 жылы "Бейнеу-Бозой-Шымкент” магистралды газ құбырының құрылысы аяқталып, облысты газдандыру бойынша кең ауқымдағы жұмыстар басталды.
Осы мақсатта облыстық бюджет қаржысы есебінен 9 техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) мен 18 жобалау-сметалық құжаттар (ЖСҚ) дайындалды, Жосалы және Сексеуіл кенттеріндегі автоматтандырылған газ таратушы станциялардың (АГТС) ЖСҚ-ын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
"Бейнеу-Бозой-Шымкент” магистралды-газ құбырынан 5 газ құбырын бөліп жүргізу құрылысына және Арал, Әйтеке би, Байқоңыр, Шиелі, Жаңақорған елді мекендерінің АГТС-ын ішкі қоныстық газ тарату жүйесімен салуды іске асыру мақсатында 23 млрд. теңге көлемінде инвестиция тарту туралы Қызылорда облысының әкімдігі мен "ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ арасында меморандум жасалды.
5 автоматтандырылған газ тарату станциясын дайындау бойынша жұмыстары қазірдің өзінде жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау 2015 жылдың наурызына жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, 2014 жылы Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі мен Тасбөгет кентін газбен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 1,2 млрд. теңге қаржы алынды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жылумен жабдықтау
2013-2014 жылғы жылу беру маусымы штаттық режімде, қалыпты жағдайда өтті. Қажетті мазут көлемін алу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорынан 2,5 млрд. теңге алынды.
2014 жылы Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі жылу құбырлары жүйесін ұлғайту жұмыстары жүргізілді (1 млрд. теңге).
Энергетика
Аймақтың басты проблемаларының бірі энергетикалық тәуелділік болып отыр - қажетті электр энергиясының 60%-ы облыстан тыс жерлерден жеткізіледі.
Экономиканың және тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында пәрменді жұмыстар жүргізілуде.
Жылу электр орталығын кеңейту мен қайта жаңғырту бойынша жобаларды дайындау басталды, бұл өз кезегінде аймақты өз электр энергиясымен және тұрақты жылумен толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Энергетика саласының тиімділігін арттыру үшін "Энергия” консорциумы құрылды.
"Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының” (КРЭК) қаржылық-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілді. 2013 жылдың басына компанияның міндеттер бойынша қарыздары 2,4 млрд. теңгеден, дебиторлық қарызы 1 млрд. теңгеден астам болатын. Осыған байланысты компанияның жағдайын жақсартуға арнайы Жоспар әзірленді. Оны жүзеге асыру нәтижесінде компанияның кредиторлық қарызы 3,5 есе (690 млн. теңгеге дейін), дебиторлық қарызы 85 %-ға (538 млн. теңгеге дейін) кеміді.
Облыстың аудан орталықтарын электрмен жабдықтау жүйесін дамыту бағдарламасы шеңберінде Жаңақорған, Тасбөгет, Шиелі және Әйтеке би кенттерінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.
2014 жылы барлығы 120,5 шақырым әуелік желілер, 4 тарату пункті, 33 трансформаторлық қосалқы стансалар салынды.
Арал қаласы мен Әйтеке би кентінде қосалқы стансаны қайта жаңарту жұмыстары басталды.
Коммуналдық қызмет тұтынушыларының төлем төлеуі тәртібінің төменділігіне байланысты қызмет көрсетуші кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы электр энергиясының тарифі 5,7 %-ға, жылумен жабдықтау 12 %-ға көтерілді.
Көлік инфрақұрылымы
2015 жылдың 1 қаңтарына Қызылорда облысы бойынша облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2245,5 шақырымды құрап отыр, оның ішінде 1226 шақырымы немесе 55%-ы - қара қиыршық тасты, 450 шақырымы немесе 20%-ы қиыршық тасты және 569,5 шақырымы немесе 25%-ы топырақты жолдар.
Өткен жылы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай” автомагистралінің (812 шақырым) қызылордалық бөлігіндегі құрылысы іс жүзінде аяқталды. 33 жол учаскелерінде сервистік инфрақұрылымды құру бойынша жұмыстар басталды.
Облыстық, аудандық маңыздағы автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін қайта жаңғырту, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуге, Сырдария өзені арқылы екі көпірдің құрылысына, сондай-ақ, жаңа жобалардың жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға 2014 жылы 11,6 млрд. теңге бағытталды, бұл 2012 жылға қарағанда 2,5 есеге көп. 262 шақырым жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
"Самара-Шымкент-Тереңөзек” автомобиль жолының (15 шақырым) Сырдария өзеніне салынған көпір құрылысы аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Бұл Сырдария ауданының 9 елді мекенінің аудан орталығымен және "Батыс Еуропа - Батыс Қытай” автомобиль магистралімен көлік қатынасын қамтамасыз етеді.
Қызылорда қаласында Сырдария өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды.
Облыстық маңыздағы автомобиль жолдарының "Жалағаш-Жосалы” 46-74 учаскесінде (27 шақырым) және "Самара-Шымкент-Жаңақорған-Түгіскен-Келінтөбе” 76-81 учаскесінде күрделі жөндеу жүргізілді.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдарламасы аясында елді мекендердің көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде:
Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі жалпы ұзындығы 8,8 шақырым болатын 14 көшеге;
Шиелі ауданындағы 7 елді мекеннің жалпы ұзындығы 30 шақырым болатын көшелеріне;
Жаңақорған ауданының аудандық маңыздағы ұзындығы 6 шақырым автомобиль жолына, Түгіскен елді мекенінің 6 көшесіне, жалпы ұзындығы 9 шақырым.
Жолаушыларды тасымалдау дамуда. Қызылорда облысы бойынша 212 елді мекендер мен кенттерді, ауылдарды облыс және аудан орталығымен жалғайтын 215 автобус маршруты жұмыс істейді, олардың 71-і ауданаралық, 106-сы ауданішілік және кентішілік, 25-і қалалық. Сондай-ақ, 9 қала маңы мен саяжайлық маршруттар және 4 облысаралық – облыс орталығынан Астана, Алматы, Түркістан, Шымкент қалаларына қатынайтын маршруттар жұмыс істейді.
Өткен жылы ауданаралық маршруттағы тасымалдаушылардың өз қаржылары есебінен 40 бірліктен астам автокөлік құралдары жаңартылды, бұл жалпы көлемнің (283 бірлік) 14%-ын құрайды.
Жыл ішінде 258 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 12,2%-ға көп. Жолаушы айналымының көлемі 11,9%-ға өсті.
Тәжірибе ретінде 2 тұрақты облысаралық және ауданаралық бағыттардағы 13 рейстік автобустарға диспетчерлік навигациялық GPS/ГЛОНАСС жүйесі орнатылды. Бұл құрылғы тасымалдаушыларға және автостансаларға көлік құралдарының қозғалыс барысын бақылап отыруға және штаттан тыс жағдайлар туындағанда жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Осы тәжірибені тұрақты түрде қатынайтын басқа да маршруттарға тарату жоспарлануда.
2014 жыл көлемінде ауданаралық автобус маршруттарында жолақы тарифінің көтерілуі болған жоқ.
Жолаушылар ағымының аздығына байланысты және облыс пен аудан орталықтарынан шалғай орналасқан елді мекендерге қатынайтын 11 ауданаралық (қалаларалық) маршруттар жолаушылар тасымалындағы шығынын ақтамайтын болғандықтан облыстық бюджеттен субсидияландырылуда. Осы мақсатқа 2014 жылы 16,5 млн. теңге бөлінді.
Шиелі кентінде автостанса құрылысы басталды.
Әуе транспортында сапаны жақсарту және қызмет көрсету ауқымын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде облыс орталығындағы әуежайдан аптасына 20 авиарейс жүзеге асырылады. Осы бағыттар бойынша 83,5 мың жолаушы жөнелтілді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 10%-ға артық.
2014 жылдың 24 қазанында Қызылорда қаласының әуежайынан халықаралық әуе кемелерін ұшыруды қамтамасыз етуге рұқсат беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1134 қаулысы қабылданды.
2014 жылдың 27 қарашасынан бастап жиілігі аптасына 3 рейс "TAJIK AVIA” авиакомпаниясының «Қорғантөбе-Мәскеу» бағытындағы әуе кемелерінің техникалық қонуын қабылдау жүзеге асырылуда.
Ресей, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірлігімен тікелей әуе қатынасын ашу жөнінде мәселелер қаралуда.
Әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылысы басталды.
Теміржол тасымалының мүмкіндіктері де кеңейіп келеді.
2014 жылы "Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу” жаңа темір жол желісінің құрылысы аяқталды. Бұл еуропалық бағытқа да тауарларды экспортқа шығаруға мүмкіндік береді, сондай-ақ, Сексеуіл кентінің және бүкіл Арал ауданының дамуына жол ашады.
Қызылорда облысынан өтетін темір жол желісі 786 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта облыс аумағынан пойыздардың 15 жұбы өтеді, оның ішінде 9 жұп (Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясы) мемлекетаралық қатынасқа жатады.
Облыс орталығынан "Қызылорда-Көкшетау” облысаралық бағыты бойынша 4 жұп пойызы, "Қызылорда-Астана” және "Қызылорда-Алматы-Семей” бағыттары бойынша 2 маршрут, сондай-ақ, облысаралық "Сексеуіл-Түркістан” және "Қызылорда-Түркістан” 2 жұп пойызы қатынайды.
2014 жылдың 30 желтоқсанынан бастап "Қызылорда-Астана” бағыты бойынша "Тұлпар-Тальго” жүрдек жолаушылар пойызы жүре бастады.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Білім беру
2014 жылы білім беру саласына 66 млрд. теңгеден астам бюджет қаржысы бағытталды, бұл - жалпы облыс бюджеті көлемінің 32%-ын құрады.
Мектепалды тәрбие
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 41939 баланы қамтитын 611 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді. 8334 орынға арналған 103 балалардың мектепке дейінгі мекемелері ашылды. Оның ішінде 6 балабақша жаңа құрылыс есебінен (1460 орын), 3 балабақша (190 орын) бұрынғы ғимараттарын қайтару есебінен, 77 жеке балабақша (5708 орын) және 17 кіші орталықтар (976 орын).
3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 92,2%-ды, 1 мен 6 жас аралығындағы балаларды қамту - 49,5%-ды және мектепалды даярлықпен қамту 100%-ды құрайды.
Облыстың 53 мектепке дейінгі мекемелері инновациялық әдістемені енгізу мақсатында "Монтессори” білім жетілдіру кабинеттерімен жабдықталды.
Орта білім
2014-2015 оқу жылының басында облыстың білім беру қызметінде 128,3 мың оқушыны қамтитын 292 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасауда.
2014 жылы облыста 41 білім беру нысандарының құрылысы жүргізіліп (11630 оқушыға арналған 29 мектеп, 1810 орындық 9 балабақша), сондай-ақ, 2 мектеп пен жатақхана қайта қалпына келтірілді.
21 білім беру нысандары пайдалануға берілді (5500 оқушыға арналған 13 мектеп, 1300 орындық 6 балабақша, 1 мектеп пен жатақхана қайта қалпына келтірілді).
Оның ішінде апатты жағдайдағы мектептердің орнына 650 орындық 4 мектеп (Арал ауданындағы Бөген, Бекбауыл, Құмбазар елді мекендері мен Шиелі ауданындағы Майлытоғай елді мекенінде) салынып, пайдалануға берілді. Бұл апатты жағдайдағы мектептер проблемаларын және оқушы орнының тапшылығын азайтуға айтарлықтай септігін тигізді.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге тегін дайындалуды қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 45,0 млн. теңге бөлінді.
Облыс мектептерін 7064 оқушы бітірді, олардың 5103-і ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Нақтысында, ҰБТ-ға 4987 бітіруші қатысты.
ҰБТ нәтижесімен облыс бойынша орташа балл – 74,2-ні құрады.
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеруді ынталандыруға ерекше маңыз берілді. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ААҚ педагогикалық шеберлік орталығында біліктілігін арттырған 1020 мұғалім мен 82 мектеп директорының жалақысына үстеме ақы төлеу мақсатында республикалық бюджеттен 353,4 млн. теңге қаржы бөлінді.
Педагогтардың жалпы санының ішінде бірінші және екінші категориялы білікті педагог қызметкерлердің үлесі 48,6%-ға жеткізілді.
Кәсіптік- техникалық білім беру
Бүгінгі таңда облыста 103 кәсіптер және 157 мамандықтар бойынша оқып жатқан құрамында 24493 студенті бар 32 техникалық және кәсіптік білім мекемелері жұмыс істеуде. Техникалық және кәсіптік білім мекемелерін (бұдан әрі – ТКБ) бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 64,7%-ды құрайды. Оқу процесіне дуальды оқыту технологиясын енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп, оны ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жағдайы қарастырылуда. Техникалық және кәсіптік білім мекемелерін бірлесіп (корпоративті) басқарудың тәжірибесі енгізілуде.
Еңбек ресурстары балансына және индустриалдық-инновациялық дамуға, сондай-ақ, аймақ экономикасының сұранысына сәйкес 2014-2015 оқу жылының техникалық және кәсіптік білім беру жоспарында облыстың 8 колледжінде 10 жаңа мамандықтар ашылды. Бұл колледждердің материалдық-техникалық базасын лицензиялық талаптарға сәйкес жарақтандыруға облыстық бюджеттен 106 млн. теңге қаржы бөлінді.
6 колледждің оқу-өндірістік шеберханалары мен кабинеттері үшін қажетті техникалар мен қондырғылар алуға республикалық бюджеттен 175 млн. теңге бөлінді.
Дүниежүзілік банк гранты есебінен облыстың 21 педагогы Францияның, Чехияның, Германияның, Ресейдің және Белорусияның оқу орталықтарында біліктілік арттыру курстарынан өтті.
Халықтың әлеуметтік жағдайы төмен тобынан шыққан 512 студентке еліміздің және шет елдердің (Ресей, Қытай) оқу орындарында білім алу ақысын төлеуге гранттар бөлінді.
Жас мамандарды жұмысқа орналастыруға бағытталған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы тиімді жүзеге асырылуда. 2014 жылы ауылдық елді мекендерге жұмысқа орналасуға келген 585 маманға 175,3 млн. теңге көлемінде көтерме және 442 маманға 1165,8 млн. теңге жеңілдетілген несиелер берілді.
Денсаулық сақтау
Облыста 43 заңды түрде дербес жұмыс істейтін медициналық мекеме бар, оның 26-ы стационарлық, 6-ы амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсететін және 11-і басқа да медициналық мекемелер.
2014 жылдың қорытындысы бойынша медициналық кадрлардың, әсіресе, ауылдық жерлердегі дәрігерлердің тапшылығын төмендету тенденциясы байқалады. Соңғы үш жылда кадрлардың жетіспеушілігі 52,3%-дан 37,8%-ға (14,5%) төмендеді. 2012-2014 жылдары аудандық және ауылдық емдеу-профилактикалық мекемелерге 254 жас мамандар жіберілді.
Дәрігерлермен қамтамасыз ету көрсеткіші 10 мың тұрғынға шаққанда – 28,8%-ды (2013 жылы - 27,7%), орта медициналық қызметкерлермен - 107,8%-ды (2013 жылы - 104,2%) құрады.
Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға, құрылысты қоса есептегенде 33,4 млрд. теңге бөлінді немесе өсу көрсеткіші 15,2%- ды құрады.
Емдеу мекемелерін нормативтерге сәйкес медициналық қондырғылармен қамтамасыз етуге 2014 жылы 2,9 млрд. теңге бөлінді.
Барлық аудандық ауруханалар жаңа құрал-жабдықтармен жарақтандырылды, атап айтқанда, эксперттік кластағы диагностикалық ультрадыбыстық жүйе, үлкендер мен жаңа туған сәбилер үшін неинвазивтік ИВЛ аппараты, жаңа туған сәбилер үшін ашық сауықтыру жүйесі, биохимиялық анализаторлар, гемотологиялық анализаторлар, наркоздық тыныс алу аппараттары алынды. Бұл аудандық емдеу мекемелерінде жүргізілетін емдік-диагностикалық шаралардың көлемін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді, бұл өз кезегінде медициналық көмекті қолжетімді етеді.
2014 жылдың қыркүйегінде облыс орталығында соңғы заманауи құралдармен жабдықталған Перинаталдық орталықтың құрылысы аяқталып, іске қосылды. Бұл босанған әйелдер мен туылған сәбилерге жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Мекеме жұмыс атқарған уақыттан бері Орталықта 2010 сәби дүниеге келді.
Қармақшы және Сырдария аудандарында аудандық емханалар, сондай-ақ, ауылдық елді мекендерде 14 дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді. Бұл ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттырды.
Санитарлық автокөлікке деген сұраныс қалыпты деңгейге жеткізілді. Бұл мақсаттарға 575,6 миллион теңге бағытталып, 75 бірлік санитарлық автокөлік және 16 реанимобильдер алынды.
12 медициналық мекемелерде күрделі жөндеу жүргізуге облыстық бюджеттен 1,2 млрд. теңге бөлінді. Атап айтқанда, облыстың бірқатар мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелеріне – облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына, наркологиялық орталыққа, тері-венерологиялық диспансеріне, сондай-ақ, қалалық өкпеауруларына қарсы диспансеріне, Жаңақорған, Тереңөзек және Жосалы кенттеріндегі аудандық орталық ауруханаларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде:
– 2014 жылы жалпы өлім деңгейі 9,3%-ға төмендеп, 4,9%-ды құрады, 2013 жылы - 5,4% болған, бұл республикалық көрсеткіштен төмен (7,7 %);
– 2014 жылы сәбилер өлімі туылған 1000 сәбиге 11,8 болды 2013 жылы - 14,6). Сондай-ақ, аналар өлімі (2013 жылғы 10,6-дан 2014 жылы 5,0-ге дейін) төмендеді, және бұл еліміздің барлық аймақтары арасында бүгінгі таңдағы ең төменгі көрсеткіш болып отыр.
– 2014 жыл қорытындысымен 100 мың тұрғынға шаққанда жаңадан пайда болған қатерлі ісікке шалдыққандар 134,9 болды (2013 жылы – 138,1), аурудың пайда болу деңгейінің төмендеуінің қарқыны - 2,4%. «Қатерлі ісіктің жаңадан пайда болуы» диагнозы алғаш рет қойылған 1005 науқас диспансерлік есепке алынды (2013 жылы -1012);
– қатерлі ісіктің жаңадан пайда болуынан 100 мың тұрғынға шаққандағы өлім көрсеткіші 0,6%-ға төмендеді (85,6);
– 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен аурушаңдық 8,8%-ға азайды (2013 жылы - 85,1; 2014 жылы - 76,6). Қызылорда облысының денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2013-2014 жылдарға арналған жол картасында туберкулезге қарсы шараларға айрықша көңіл бөлінген. Аталған бағдарламалық құжатқа сәйкес, туберкулездің мултирезистенттік түріндегі науқастарға жол шығынына төлем жасауға дайындық жұмыстары жүргізілді, туберкулез ауруларына патогенетикалық терапия жүргізу үшін дәрі-дәрмек алуға 46,5 млн. теңге бөлінді, күндізгі стационарда (40 төсек) 302 науқас ем алды. Емханалардың күндізгі стационарында туберкулездің мултирезистенттік түріндегі 602 науқасқа патогенетикалық терапия жүргізілді.
– 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезден қайтыс болғандар көрсеткіші 8,8 %-ға төмендеді (2013 жылы - 5,7; 2014 жылы - 5,2), бұл қажетті препараттардың резервтік қатарын қажет етушілерді қамтудың артуымен байланысты;
– 100 мың тұрғынға шаққанда қан айналу жүйесі ауруымен ауыратындар 2044,1-ден 1709,4-ке дейін төмендеді;
– қан айналу жүйесі ауруларымен ауыратындардың өлімі 0,3%-ға кеміді (2013 жылы - 81,8; 2014 жылы - 81,6), бұл тұрғындар арасында БСК (артериялық гипертония мен жүректің ишемиялық ауруы) алдын-ала анықтауға бағытталған скринингтік тексерулердің және де оларды амбулаториялық деңгейде тегін дәрілермен қамтамасыз етудің оң нәтижесі болып табылады.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек
Облыста 18 алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемесі жұмыс істейді, оның 9-ы Қызылорда қаласында, 9-ы аудандарда. Оның ішінде 5 медициналық мекеме - жекелер. Құрылымдық бөлімшелер болып 103 дәрігерлік амбулатория, 106 медициналық пункт, 19 фельдшерлік-акушерлік пункт, 8 ауылдық емхана, 22 ауылдық аурухана табылады.
Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің талаптарына сәйкес 2014 жылы облыстың барлық тұрғындарын алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына (ЕНСЗ) тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
18 алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемесі 413 учаскеге бөлінген, оларда жалпы тәжірибелі 190 дәрігер, 110 терапевт, 113 педиатор жұмыс істейді.
Қызылорда облысы бойынша жыл көлемінде скринингтік тексеруден 322512 адамды өткізу жоспарланған. 2014 жылы 100% тексеруден өтті, анықталған науқастар саны - 11066 (3,3 %), «Д» есебіне - 10663 адам (96,3%) алынған.
Спорт
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 184 мың адамды құрады немесе облыстың жалпы тұрғындарының 24,5%-ы. 142 елді мекенде 283 спорт нұсқаушылары жұмыс істейді.
Облыста 21 спорт мектебі жұмыс істейді (оның 3-уі олимпиадалық резервтегі мектептер), онда 29 спорт түрі бойынша 14212 оқушы дайындалады.
«Қайсар» футбол клубы Қазақстан Республикасы Чемпионатының Премьер Лига турнир кестесіндегі үздіктер бестігіне енді.
Жастар арасында спортты дамыту мақсатында ұлттық күрестен (қазақ күресі) «Алтын белбеу», сондай-ақ, футболдан «Былғары доп» турнирлері өткізілді. 1 халықаралық, 20 республикалық турнирлер және Қазақстан Республикасының 11 чемпионаты ұйымдастырылды.
2014 жылы бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 1961 жалпы бұқаралық-спорттық шаралар өткізілді.
Облыста 26 спорт алаңдары пайдалануға берілді, оның ішінде 4-і ауылдық жерде. Жергілікті бюджет есебінен Тереңөзек, Әйтеке би кенттеріндегі және Шаған ауылындағы спорт кешендерінің құрылысы аяқталды, «Еуразия» спорт кешенінде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Демеушілік көмек есебінен Қызылорда қаласында жағажай футболына арналған алаң салынды.
ҚР-ның халықаралық дәрежедегі 8 спорт шебері, ҚР-ның 73 спорт шебері, 229 спорт шеберлігіне кандидат, 112 – І спорттық разряд иелері дайындалды. Облыс спортшылары Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 173-алтын, 143-күміс, 227-қола медаль, Азия және Әлем чемпионаттарында 50 медаль, оның ішінде, 17-алтын, 12-күміс және 21-қола медаль жеңіп алды.
Ауыр атлетіміз Илья Ильин 2014 жылы 15 қарашада Алматы қаласында өткен Әлем чемпионатында 1 орынға ие болып, төрт дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді, серпе көтеруден әлем рекордын жаңартты.
Мәдениет
Бүгінгі жастарды классикалық музыкаға үйрету, жоғары өнерге деген құрмет пен сүйіспеншілікке баулу мақсатында облыстық филармония жанынан классикалық камералық оркестр құрылды. Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық-драма театры жанынан жастардың театралдық труппасы құрылды.
Көркемсурет галереясы ашылды.
Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата кешеніне толықтай қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Ауылдық елді мекендердегі мәдениет мекемелері үшін 410 штаттық бірлік бөлінді.
Барлық 7 ауданға толық комплектідегі мәдени-ақпараттық «Зерде» автокөлігі алынды.
Республикадағы 9 театр ұжымдарының қатысуымен КСРО-ның және Қазақстанның Халық әртісі Сәбира Майқанованың 100 жылдық мерейтойына арналған ХХІІ республикалық театр фестивалі Қызылорда қаласында өткізілді.
«ТҮРІКСОЙ» Халықаралық ұйымымен бірлескен дәстүрлі музыка өнерінің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» Халықаралық фестивалі өтті.
Сыр елінің өнерімен таныстыру мақсатында облыстық филармонияның Түркияға, Өзбекстанға және Татарстанға гастрольдік сапарлары ұйымдастырылды. Н. Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрының ұжымы Астана қаласында тілдердің ұштұғырлылығына арналып өткізілген Халықаралық фестивальге қатысып, Д.Исабековтың «Өтпелі жолаушы» спектаклін қойды.
Республикалық деңгейде халық батыры Жанқожа Нұрмұхамбетұлының 240 жылдығына арналған шаралар өткізіліп, Қызылорда қаласында батырға ескерткіш орнатылды.
2014 жылы облыста 3 ауылдық клуб пайдалануға берілді (Бәйгеқұм - Шиелі ауданы, Түктібаев - Қазалы ауданы, Бесарық - Жаңақорған ауданы), 7 ауылдық клубтың, Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі мұражайдың құрылысы жүргізілуде.
Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында жергілікті атқарушы органдардағы құжаттар айналымында мемлекеттік тілді қолдануды 100 %-ға жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Тіл мерекесі шеңберінде облыс бойынша 500-дей әртүрлі шаралар ұйымдастырылып, Қазақстан халқының тілдері күні мерекесінің қорытынды шарасы – «Тіл – татулық тірегі» облыстық фестивалі өткізілді.
Жастар саясаты
Қызылорда облысында жастар саясатын дамытудың 2014-2015 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасы аясында жастардың әртүрлі категориясымен нақты жұмыс жүргізуге бағытталған 23 әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды.
Үш жыл ішінде жастар саясатын қаржыландыру 3 есеге артты.
Бюджеттен тыс қорлардан 2014 жылы 4 жастар жобасын жүзеге асыруға 40 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Олардың арасында облыс орталығында экстремалдық спорт түрлерімен айналысатын өскелең жастарға арналған әлеуметтік парк құрылысы бар.
Жастармен нақты бағытталған жұмысты күшейту және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Жастарды қолдау орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі құрылды.
2014 жылы «Жасыл ел» жауынгерлері қатарына 1010 адам тартылды, құрылыс отрядтарына 281 жас тартылды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда екі есе көп.
98 ауылдық округте жастармен жұмыс жүргізетін маманның штаттық бірлігі енгізілді.
Ақпараттық саясат
Облыстың медиакеңістігі жоспарлы түрде дамып келеді. Аймақта 88 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жүргізеді. Олардың үшеуі электронды, 84-і баспа БАҚ-тары, 1 - ақпараттық агенттік. Олардың ішінде 13-і мемлекеттік және 75-і мемлекеттік емес ақпарат құралдары.
Мемлекеттік органдардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін облыстық коммуникациялар қызметі құрылды. Онда жыл ішінде 57 брифинг өтті.
Сандық телехабар тарату жүйесіне көшуге байланысты жұмыстар жүргізілуде.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
Жыл ішінде экономика салаларында 11 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды, оның 10 мыңға жуығы тұрақты, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 26%-ға артық. Осының нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін 5%-ға дейін төмендетуге қол жеткізілді, бұл 2013 жылдың ІІІ тоқсанына қарағанда 0,2 пайыздық пунктке төмен.
Жыл қорытындысында жастардың жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ды құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 пайыздық пунктке төмен.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020” бағдарламасы бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешудің тетігіне айналды. Ол жүзеге асырылғаннан бері облыстың 30,3 мың тұрғыны мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды. 2014 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 7,6 млрд. теңге бөлінді, 8787 адам бағдарламаның қатысушысы болды, оның жартысынан астамы жастар.
Бағдарламаның бірінші бағыты инфрақұрылымдар және әлеуметтік нысандарды жөндеу бойынша 61 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде 7 ауылдық дәрігерлік амбулатория салынды.
Екінші бағыт бойынша 1135 микрокредит берілді, 303 жас кәсіпкерлер өз бизнесін ашты. Кәсіпкерліктің негізіне 850 адам оқытылды.
Үшінші бағыт бойынша кәсіби даярлауға және қайта даярлауға 1700 адам жіберілді. Бағдарламаны жүзеге асыру басталғалы бері барлығы 9587 адам оқуын аяқтады, олардың 80%-ы жұмысқа орналасты.
2014 жылы колледж бітірген 8314 жастардың жартысынан астамы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. 860 адам жоғары оқу орындарына түсті.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету, еңбекке орналастыруға және өз бизнесін ашуға ықпал жасау нәтижесінде табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен азаматтар саны 5360-тан 2466-ға дейін немесе 2,2 есе азайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтудың нәтижелілігі артуда.
2014 жылы Еңбек ресурстарының балансын маңызды ету бойынша жұмыстар жалғасын тапты. Бұл жоғары оқу орындарын, колледждерді бітіргендерді еңбекке орналастыруды жеңілдетуге мүмкіндік береді, бұдан басқа экономиканы қажетті кадрлармен (әсіресе техникалық бағыттағы кадрлармен) қамтамасыз етеді.
Еңбекпен қамтуға ықпал етудің аймақтық порталын жасау жөніндегі жұмыс басталды. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін жұмыссыздар бірыңғай ақпараттық жүйелер арқылы бос жұмыс орындарының мәліметтерін іздестіруге мүмкіндік алады.
Мемлекет тарапынан қарастырылған барлық әлеуметтік міндеттемелер уақытылы және толық көлемде төленді.
"Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттырудың Жол картасы” бағдарламасы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғастырылды.
Мүгедектердің қатарынан аудан және ауылдық округ әкімдерінің кеңесшілері тағайындалды.
2014 жылы облыста бірінші рет мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос жұмыс орындары бойынша 26 жәрмеңке өткізілді. 540 мүгедек тұрақты жұмысқа орналасты.
Мүгедектерді есту құралдарымен, кресло-арбалармен, балдақтармен, протездік-ортопедиялық және сурдо көмекпен, санаторлық-курорттық емделумен қамтуға, әлеуметтік қолдау көрсетуге облыстық бюджеттен 2014 жылы 238,3 млн. теңге бөлінді.
Мүгедектерді сауықтыру үшін 1143 санаторлық-курорттық жолдамалар берілді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жыл ішінде 483 арбаға отыратын мүгедектерге "Инватакси” қызметі көрсетілді. Бұл мақсатқа бюджеттен 17,2 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда бұл қызметтер барлық аудандар мен Қызылорда қаласында көрсетіледі.
Жалпы алғанда, 2012 жылмен салыстырғанда мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы қолдау көрсету 1,5 есе артты.
Сондай-ақ, өткен жылы «Мейірімділік үйі» және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді.
ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІ
Тұтастай алғанда, облыста оперативтік жағдай тұрақты.
Күн сайын облыста қоғамдық тәртіпті сақтауға полицияның 500 қызметкері жұмылдырылады.
Қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Нәтижесінде, 2014 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген қылмыстардың саны облыста 13,9%-ға, республика бойынша 5,2%-ға төмендеді.
Қылмыстардың ауырлығы бойынша орташа ауыр (14,6%-ға) мен төменгі ауыр (15,3%-ға) қылмыстардың төмендеу серпіні байқалады.
Аса ауыр (0,4%-ға) және ауыр (4%-ға) қылмыстарды ашу деңгейі артуда.
Қылмыстың алдын алу, жолын кесуге бағытталған жұмыстардың жүргізілу нәтижесінде қоғамдық орындарда (0,5%-ға), көшеде (13,6%-ға), кәмелетке толмағандар (46,2%-ға), мас күйінде (16,8%-ға) жасалған қылмыс түрлерінің саны азайды.
Облыс жолдарындағы апаттар, оның ішінде жол көлік оқиғаларының саны (17,1%-ға), қаза болғандардың саны (28,4%-ға), жарақат алғандар (19,6%-ға) азайды.
БҰҰ бастамасымен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының бірлесіп жүргізген талдау қорытындысы бойынша Қызылорда облысы Қазақстандағы ең қауіпсіз аймақ болып танылды.
Полицияның тиімді қызметінің, сондай-ақ қылмыстың алдын алу және онымен күрес бойынша жүргізілген жұмыстардың оң нәтижеге жетуіне облыстың ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасының нығайтылуы ықпал етті.
2014 жылы сотталғандарды еңбекке тарту мақсатында 8 өндіріс орны («НұрМад» ЖК, «Аска» ЖШС, «Сымбат-7» ЖШС, «Маханов» ЖК т.б.) құрылды. Оларда еңбекке қабілетті сотталғандардың 93 пайызы жұмыс жасауда.
ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ НЫҒАЙТУ
Қызмет функцияларының қайталануын болдырмау және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 29 қыркүйегіндегі №239 Заңымен орталық атқарушы органдардың 261 функциясы жергілікті атқарушы органдарға берілді.
Атап айтқанда, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер ресурстарын басқару және бақылау жасау саласындағы лицензиялау, сәулет, қала құрылысы, құрылыс бақылау саласын аттестациялау бойынша, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығын сақтандыру мен бақылау, облыста мақта саласын, тұқым шаруашылығын, биоотын өндірісін дамытуда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру функциялары берілді.
Сонымен бірге, ветеринария, азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі бақылау-қадағалау функциялары ендігі жерде жергілікті деңгейде жүзеге асырылатын болады.
Жүктелген функциялардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімдері Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығында оқудан өтті.
Облыс әкімдігі жанынан республикада бірінші болып аймақтық Ситуациялық орталық ашылды. Орталықтың ақпараттық жүйесі экономикалық, әлеуметтік, діни, ішкі саяси жағдайларды дер мезгілінде қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Өзекті мәліметтер негізінде - басқарудың тиімді шешімін қабылдауға, ал төтенше жағдай туындағанда шұғыл түрде әрекет етуге және қолданылған шаралардың тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді.
2014 жылы «Облыстық мекемелер үйінің» құрылысы аяқталды, бұл облыстық басқармаларды және көптеген орталық атқарушы органдардың аймақтық бөлімшелерін оңтайлы орналастыруға мүмкіндік берді.
Халыққа ыңғайлы болу үшін денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың барлығы "Денсаулық үйіне”, білім мәселелері бойынша - "Білім үйіне”, әлеуметтік қорғау және еңбекпен қамту мәселелері бойынша - "Әлеуметтік қолдау үйіне” топтастырылды.
АУМАҚТЫҚ ДАМУ
2014 жылы облыс орталығын, Байқоңыр қаласын және тірек елді мекендерін дамыту аумақтық дамудың басым бағыттары болды.
Облыс орталығын дамыту
Облыс орталығын дамытуға 2014 жылы 26,3 млрд. теңге бөлінді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 70%-ға көп.
Қала көшелерін күрделі жөндеуден өткізу жалғасын тапты.35 көпқабатты үйлердің аулааралық жолдары, тротуарлары жөнделді, балалардың 30 ойын алаңдары орнатылды, облыс орталығының 41 көшесі жарықтандырылды.
"Қызылорда тазалығы” ЖШС-нің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 397,7 млн. теңгеге 108 бірлік және "Туған ел келбеті” ЖШС-не 11 бірлік арнайы техникалар сатып алынды.
Облыстық бюджет есебінен (234,4 млн. теңге) жылу электр орталығының барлық қазандық агрегаттары жаңғыртудан өткізілді. Қызылжарма жер асты су кен орнын игеру бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Қазіргі таңда 85 ұңғыманың 35-і бұрғыланды, нәтижесінде қалалық су құбыры жүйесіне сапалы ауыз су берілуде.
Мұратбаев көшесінде Сырдария өзенінің үстінен салынатын көпір құрылысы басталды, бұл облыс орталығының сол жағалауын игеру жұмыстарына кірісуге мүмкіндік береді.
Еуропа Қайта құру және Даму банкімен бірлескен жұмыстар нәтижесінде жалпы құны 63 млрд. теңгені құрайтын 8 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде, олардың 7-уі қала инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Бұлар - сумен қамтамасыз ету, су тарату, жылумен қамтамасыз ету, электр жүйелерін, Қызылорда қаласының көшелерін жарықтандыру жүйесін қайта жаңғырту, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытының құрылысы. Сонымен бірге, "Қызылорда жылу электр орталығын” қайта қалпына келтіру мен кеңейту жоспарлануда.
Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалын тиімді ұйымдастыру мақсатында қалалық автобус паркін жаңарту бойынша жұмыстар жалғасуда. Бірінші кезеңде заманауи қалалық сыныптағы газбен жүретін, аппарельмен және сымсыз интернетпен жабдықталған 20 автобус сатып алынды. Екінші кезеңде тағы 100 шақты автобус сатып алынады.
"Байқоңыр” кешенін бірлесіп пайдалану жөніндегі "Жол картасы” шеңберінде «Байқоңыр қаласын және Төретам қыстағын, Қызылорда облысының Қармақшы ауданының Ақай ауылдық округін әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспары» жасалып бекітілді, оны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен өткен жылдың өзінде 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.
Төретам кентіне абаттандыру, 20 көшеге жарық беру, 15 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, балабақша салынды. Бюджеттен тыс көздердің есебінен Кешенді жоспар шеңберінде жеке клиника, жиһаз және құрылыс материалдарын шығару цехтары, көлік жуу, бетон бұйымдарын шығаратын цех ашылды.
Ақай ауылдық округінде сумен жабдықтау жүйелері қайта қалпына келтірілді және кеңейтілді, дәрігерлік амбулатория салынды, көшелер көркейтілді.
2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Байқоңыр қаласының 6 мектебін қазақстандық оқыту жүйесінің стандарттарына көшіру мәселесі шешілді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1,6 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр.
Тірек елді мекендерін дамыту бойынша жұмыстар жалғасып (Арал ауданындағы Сексеуіл, Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр, Қармақшы ауданындағы Төретам, Жалағаш ауданындағы Мәдениет, Сырдария ауданындағы Ақжарма, Шиелі ауданындағы Еңбекші, Жаңақорған ауданындағы Түгіскен елді мекендері, Қызылорда қаласындағы Тасбөгет кенті), оған жыл ішінде 3 млрд. теңгеден астам қаржы бағытталды.
Бұл елді мекендерде 42 жоба жүзеге асырылды, 144,1 шақырым жол жөндеуден өткізілді, 7 шақырым көше жарықтандырылды, 8 әлеуметтік нысандарға жөндеу жүргізілді.
Облыстық мәслихаттың сессиясында 16 тірек елді мекендерін дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді.
Сыртқы факторлардың қолайсыз әсеріне, атап айтқанда мұнай, уран, металдар және басқаларының әлемдік бағасының төмендеуіне қарамастан аймақты әлеуметтік экономикалық дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасын табуда.
Қызылорда облысы әкімінің 2015 жылға арналған Іс-қимыл жоспары бекітілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалатын болады.
Облыс "Нұрлы жол” инфрақұрылымдық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын” жүзеге асыруға қатысады.
Басталған әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасын табады.