ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІ — ҚАҢТАР АЙЫ
«Саясат-Monitoring» дәстүрлі әкімдер рейтингін жариялады. Биылғы жылдың алғашқы айындағы рейтинг былайша түзілген екен.
Сарапшылар қаңтардың үздігі деп Әділбек Жақсыбековты таныды. Елорда басшысын мынандай жұмыстарымен бағалапты. Ол қызметке кіріскелі астаналықтардың коммуналдық қызмет, көлік және әлеуметтік салалар бойынша жағдайын жақсартуға ден қойған. Қаңтар айында да осы қарқынмен жастар арасындағы жұмыссыздық, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелерін қолға алған. Салыстырмалы түрде тәртіп күшейтілген. Дауыс берген сарапшылардың бірі «Жақсыбеков оң жамбасына келетін қызметке отырды. Ол барын салып жұмыс істейді» деп жауап берді.
2. Екінші сатыға жайғасқан Ахметжан Есімов үшжылдық дағдарысқа қарсы жоспарымен ерекшеленді. Оны созбақтамай бірден нақты іске кірісуімен ерекшеленді. Алматы басшылығы ұлттық компаниялармен және отандық өндіріс иелерімен 13 млрд теңгеге меморандумға отырды. Сондай-ақ, қала бюджетін оңтайландырып, шығынды 3,3 млрд теңгеге дейін қысқартты. Вице-премьер Бақытжан Сағынтаевты қарсы алып, алматылық бизнесмендермен кездесу ұйымдастырған Алматы әкімшілігі өзінің Үкіметпен тығыз байланыста екенін көрсетті. Сондай-ақ әкім Алматыны әлемдегі қауіпсіз қалалардың қатарына қосуға ниетті екенін білдіріп, нақты тапсырмалар жүктеп тастады.
3. Үздік үштікті дағдарыспен мемлекет қолдауындағы экономикалық әлеуеті жоғары кәсіпорындардың көмегімен күресіп, кешенді бағдарлама әзірлеген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов қорытындылап тұр.
4. Әдеттегідей рейтингтің бас жағында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев та бар. Оның қаңтар айындағы басты тақырыбы – өңірге шетелдік инвестиция тарту болды. Бұл жұмыста Қырымбек Елеуұлы Еуропалық даму және қайта құру банкімен бірлескен 8 жобаға қол жеткізді. Ислам банктері мен Азиялық даму банкі басшылығымен байланысын да қосуға болады.
5. Алғашқы бестікте Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев бар. Ол өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі Павлодар – 2030 стратегиясымен ерекшеленді. Бұл жоспарды дағдарыс кезінде орындау керек болады. Ресеймен шекаралас өңіріміз көрші елдің басындағы жағдайды сезініп отыр. Қаңтар айында облыс әкімі Павлодар өңіріндегі белді кәсіпорындардың басшыларымен кездесіп, жергілікті бизнеске күш салу туралы жиын өткізгенін де айта кеткен жөн.