ҚЫЗЫЛОРДАДА БІРНЕШЕ ІРІ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың Қазалы ауданына іссапары барысында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан активі өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Онда аймақ басшысы облыс бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Ол өз сөзінде жылдың басты құжатынан туындайтын міндеттерді айта отырып, оны жүзеге асыруда облыс көлемінде қолға алынған шараларға, түрлі салада жеткен жетістіктерге кеңінен тоқталды. Аймақ басшысының пікірінше, бүгінгі таңда Қызылорда бірнеше ірі жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Ал жоспарлы тапсырмаларды шешу үшін қай салада болмасын білікті мамандар дайындауды жолға қою қажет.
Сондай-ақ актив отырысы барысында аудан әкімі Бақыт Жаханов ауданға тартылып жатқан инвестиция, өнім көлемі, жаңа жұмыс орындарын ашуда өсім бар екендігін жеткізді. Дегенмен, проблемалар да жоқ емес. Аудандағы апатты жағдайдағы мектептер мен балабақшалар жайы, ауыз су, жылу аясын кеңейту т.б. мәселелерін баяндады. Бұл мәселелерге қатысты облыс басшысы тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.