ҚАЗАҚСТАНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫ МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫН E-ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ АЛА АЛАДЫ
«Электрондық үкімет» порталы арқылы мекенжай анықтамасын енді өз балаңызға да алуға болады, бұл әсіресе балалары биылғы жылы мектепке баратын ата-аналар үшін өте ыңғайлы. Мекенжай анықтамасы баланы бірінші сыныпқа қабылдау үшін міндетті түрде тапсырылатын құжаттар тізіміне кіреді.
Бұл анықтаманы электронды түрде алу үшін egov.kz те тіркелу, электронды цифрлы қолтаңбаға ие болу, сонымен бірге баланың ЖСН-ын білу керек. Электронды тапсырысты толтыру кезінде пайдаланушы анықтаманы кімге алып жатқанын таңдап, сол тұлғаның ЖСН-ын енгізеді. Жүйе бұл ЖСН иесі расында сіздің балаңыз екенін анықтайды. Осыдан кейін тапсырыс ЭЦҚ арқылы расталады да бірнеше секундтан соң анықтамаңыз дайын болады. Дәл осы принцип бойынша электрондық үкімет порталы арқылы анықтаманы некелеріңіз 2008-ші және одан кейінгі жылдары тіркелген болса жұбайыңыздың да атына алуға болады.
Айта кетерлік жәйт, мекенжай анықтамасын алу электрондық үкімет порталының ең жиі қолданылатын қызметі болып табылады. 2014 жылдың 7 айы ішінде оны 10 миллионнан астам рет алды.
Мұнымен қатар мекенжай анықтамасы жұмысқа қабылдау кезінде; банк несиесін алғанда; жеке кәсіпкерді, жеке нотариусты, сот орындаушысын, адвокатты тіркеу кезінде; ҚР да тұрақты мекендейтін азаматтығы жоқ тұлғаларға жеке куәлікті және шет ел азаматтырна мекендеу қағазын беру кезінде; зейнетақы төлемдерін анықтау кезінде, т.б. көптеген жағдайларда қажет болады.