ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ДӘРІС ЖҮРІП ЖАТЫР
2015 жылдың 2 ақпанынан бастап 5 ақпаны аралығында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім орталығы» КММ бірлесе отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған дәріс-таныстырылымын ұйымдастыруда.
Дәріс мақсаты: этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісім қазақстандық үлгісінің танымалдылығын арттыру, сонымен қатар, ҚХА-ның құрылу тарихы, қазіргі таңдағы міндеттері мен қызметін, мәртебесін таныстыру болып табылады.
Бірінші дәріс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 4 факультетінде оқылды.
Ақпанның 3-і күні дәріс-таныстырылымдар И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық және Қызылорда медициналық колледждерінде, «Болашақ» университеті мен колледжінде, сонымен қатар, Қазақ-түрік лицейінде өткізілді.
Ақпанның 4-інде М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты мен Назарбаев зияткерлік мектебінде ұйымдастырылды.
Дәрісті Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Н.Мыңжас, ғалымдар М.Жусупбекова, А.Еспенбетова, У.Ибраев, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері Л.Ли, М.Исаев, Г.Щербакова, А.Хамидов, И.Шек, Г.Гизатуллина, Г.Гейдарова, ҚХА кафедрасының оқытушылары, ҚХА облыстық ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері оқыды. Дәрісті жүргізу барысында ҚХА туралы бейнематериалдар, кітап көрмелері пайдаланылуда.
Дәріске 2 мыңнан астам студент жастар қамтылады. Аталған дәрістер студент жастар ортасында этносаралық келісімді, толеранттылық пен қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған.
Сонымен қатар, осы күндері облыс көлемінде орта мектептерде Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған ашық сабақтар өткізілуде.