ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЗАМАНЫНДА ДА ИНЖЕНЕРЛІК ЖҮЙЕ БОЛҒАН
Қазақ хандығы дәуірінің жәдігерлерін зерттеген археологтар мен тарихшылар орта ғасырда салынған қалалардағы инженерлік ғимараттарға таң қалған. Бұл бағыттағы көп зерттеулер сол заманның өзінде инженерлік жүйе болғанын дәлелдеп отыр. Археолог, академик, тарих ғылымдарының докторы Карл Байпақов BNews.kz берген сұхбатында Сауран қаламындағы ерекше ғимараттар туралы айтып берді.
«Жалпы, мемлекеттіліктің басты белгілері – ол, әрине, сол елдің территориясы, халқы, тілі, мәдениеті мен экономикасы, өзінің басқару жүйесі. Сол сияқты қалалар да – мемлекеттіліктің басты белгісі. Қазақ хандығының аумағында орналасқан қалалар, атап айтсақ, батыстағы – Сарайшық, орталық пен оңтүстіктегі урбанизация орталығы болған – Сырдария, Жетісудағы Әулие Ата мекендері ұзақ тарихтың белгілері. Сайрам, Түркістан қалаларының екі мың жылдық тарихы бар», - дейді Байпақов.
Карл Байпақовтың соңғы зерттеу жұмыстарының бірі осы Қазақ хандығы кезіндегі қалалардың қалыптасуы мен дамуына арналған екен.
«Қазақ хандығы кезіндегі қалалардың ғимараттарын алып қарасақ, сол заманның өзінде инженерлік жүйе болғанына көзіміз жетеді. Сол заманның өзінде құдық қазған қазақ суды жер бетіне ағызып тұратын кәріз пайдаланған. Сонымен қатар, Қазақ хандығы кезінде ислам діні өркениет алғанын байқауға болады. Себебі, Сауран қаласында бірнеше ірі мешіт болған, ол мешіттер құлшылық орны ғана емес, білім ордалары болған. Сол мешіттердің алдыңғы бөліктері кәдімгі әдеміленіп салынған және мешіттің алдыңғы бөліктері шынжырланған. Сауран қаласындағы медресе сол заманның университеті десе болады. Ол медреседе, тіпті, философиядан басқа, астрономия, астрология оқытылған», - деп толықтырды тарихшы.