ИЛЬЯ ИЛЬИН ЛОНДОНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚУДЫ БАСТАДЫ
Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін әлем чемпионы атанған отандасымыз Илья Ильин Лондонда ағылшын тілін оқуды бастады. Бұл туралы спортшы instagram әлеуметік желісіндегі парақшасында хабарлаған.
Сыр өңірінің саңлағы ағылшын тілін үйреніп жүргенін Алматыда өткен әлем чемпионатының баспасөз мәслихатында мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, өзіне аздап демалыс жариялайтынын да айта кеткен еді.
- Өзіме біраз демалыс жариялаймын. Үйреніп жүрген ағылшын тілін Лондонға барып дамытып келу жоспарымда бар. Сосын барып Бразилия жерінде өтетін Олимпиадаға дайындығымды бастайтын боламын, - деген-ді Илья.
Жақында спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында бапкерлерінің бірімен суретке түсіп, «ағылшын тілін үйренуді бастадым» деп хабарлама қалдырған. Соңын #London и #Kaplan хэштегімен аяқтаған. Отандасымыздың Лондонға ат басын бұрғанын естіген жергілікті жанкүйерлер кездесу ұйымдастыруды да жоспарлап үлгерген көрінеді. Жақын күндері спортшы жанкүйерлерімен кездесу өткізуі ықтимал.