ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН ЖЫЛЫНАДЫ
Қазақстанның басым аумағында күн райына әсерін тигізіп тұрған Сібір антициклоны бірте-бірте шығысқа ауысуда. Бірнеше күн сақталған аяздың орнына оңтүстік пен батыстан жылы ауа массалары таралып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.
Оңтүстік пен батыстан еніп жатқан жылы ауа массаларының әсерінен алдағы үш күнде ауа температурасы орташа климаттық шамаға дейін, кей жерлерде одан 2-3ә жоғары болады, тек республиканың шығысында ауа температурасы нормадан төмен болады. Еліміздің батысы мен солтүстік-батысында кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.