МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША 24 ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІГЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша 24 заңнамалық актіге өзгерістер енгізілді. Бұл туралы бүгін Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Қазақстан 2008 жылдың 11 желтоқсанында мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға қол қойды. Қазіргі уақытта конвенцияны 151 мемлекет ратификациялаған. Конвенция мүгедектердің құқықтарын қорғауға, мүгедектікке байланысты келіспеушіліктерді жоюға, мүгедектердің қоғамдық өмірге толықтай қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған. Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің жеткілікті өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету және оларды әлеуметтік қорғау үшін барлық тиісті шараларды қабылдауы тиіс. Нақтырақ айтқанда, мүгедектерге көлікке, ақпарат пен байланысқа, сондай-ақ халық үшін ашық объектілерге немесе ұсынылатын қызметтерге басқа адамдармен теңдей қол жеткізуге кепілдік беріледі», - дейді С.Жақыпова.
Вице-министр атап өткендей, қазіргі уақытта Қазақстанда конвенцияны ратификациялауға қойылатын шарттарды әзірлеу жұмысы қолға алынған. Оның айтуынша, аталған жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары кезең-кезеңімен іске асырылып келеді.
«Іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін 2012-2013 жылдары жүзеге асыру аяқталды, екінші кезең 2014 жылы басталып, биылғы жылы жалғасты. Жоспарды іске асыру кезінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу жұмысы жүргізілді, ол 24 заңнамалық актіге енгізілетін өзгерістерді қамтиды. Аталған заң Мәжілісте талқыланып жатыр, - дейді С.Жақыпова.