ҚАЗАҚСТАНДА 2020 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ 7 МЫҢ ШАҚЫРЫМ ЖОЛ АҚЫЛЫ БОЛАДЫ
Астанада Инвестиция және даму министрлігі, «Kaznex invest» акционерлік қоғамы және «Қазавтожол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасы көлік жолдарының төлемақысын енгізу және дамыту» тақырыбына арналған алғашқы халықаралық конференциясы өтті деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жиынды ашқан Инвестиция және даму вице-министрі Жеңіс Қасымбек елдің көлік құрылымына қатысты бекітілген бағдарламаға ағымдағы жылда елбасының өзі қол қойғандығын атап өтті.
«Бағдарламада 2020 жылға қарай республикалық маңызы жоғары жолдардың 30 пайызына дейінгі бөлігіне төлемақы жүйесін енгізу көзделген. Бұл дегеніміз – I-ші және II-ші дәрежелі жолдардың 7 мың шақырымға жуығын құрайды деген сөз. Оның негізгілері ретінде өздеріңіз білетін «Астана – Бурабай» автобаны, қазіргі кезде құрылысы жүргізіліп жатқан «Астана – Қарағанды» тас жолы, 2016-2017 жылдарға қарай іске қосылатын «Астана – Павлодар», «Алматы – Қапшағай» сынды жолдарды атауға болады»,-деді вице-министр.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, мұның барлығы да жаңадан ашылатын ақылы автожолдар болады деп жоспарлануда. Ақылы болғандықтан, бұл жолдарға жоғары талаптар қойылады.
Атап айтқанда, I-ші дәрежелі атына сай қауіпсіздік мәселесі, жоғары жылдамдықпен жүру мүмкіндігі, ереже-көрсеткіштердің ерекшелігі мен жол бойындағы сервистік қызметтердің жан-жақты қамтылуына баса мән біріледі.
Жоғарыда аталған 30 пайызды қамтитын ақылы жолдардың аумағы қалалық немесе облысаралық жолдармен емес, тек қана республикалық дәрежедегі жолдармен ғана қамтылмақ көрінеді.
«Бұл ретте біз негізгі басымдықты транзиттік маңызға көп мән беретін боламыз. Соның есебінен жолды күтіп ұстауға жұмсалатын шығындар орнын толтыруды көздеп отырмыз», — деді вице-министр.