УНИВЕРСИТЕТ 11 ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТЫҢ БАСЫН ҚОСТЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Этноәлеуметтік, этносаралық және конфессияаралық үдерісті тиімді басқару» атты семинар өтті. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға Қызылорда облысы әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығының қызметкерлері, облыстағы 11 этномәдени бірлестік жетекшілері, университет ғалымдары мен студенттер қатысты.
Семинар аясында ғылыми-техникалық кітапхана ұжымы «Қазақстан халқы Ассамблеясы - бірліктің берекелі бесігі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.