ЕКІ МЫҢҒА ЖУЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ БІЛІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРДІ
Қызылорда облыстық әкімдігі мен Қазақ медицина университеті Үздіксіз білім беру орталығының ынтымақтастығы аясында денсаулық сақтау ұйымдарының 1694 дәрігерлері, медбикелері мен менеджерлері қайта даярлаудан өтіп, білімдерін жетілдірді.
ҚазМУҮББ орталығы елдің денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін ҚР денсаулық сақтау қызметкерлерінінің білімін үздіксіз кәсіби тұрғыда дамытуға үлестерін қосып, кәсіби медициналық тәжірибеде білім мен дағдыларды жаңарту, дамыту және жетілдіру құралы ретінде жаңартылған әдіс-тәсілдерді жүргізіп келеді.
2014 жылы 1694 маман әр түрлі білім беру бағдарламалары бойынша қайта даярлаудан өтті. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 648 маманға артық.
Жыл ішінде Қызылорда облысынан ауылдық емханалардың дәрігерлері мен оқытушылар ҚазМУҮББ орталығының 67 кафедрасына қайта даярлаудан өтуге барған. Олар: терапия, медициналык реабилитация, неврология, акушерлік және гинекология, дерматолог, туберкулезге қарсы, жалпы дәрігерлік тәжірибе, нефрология, фармакология және тағы басқа мамандар.
Нәтижесінде Қызылорда облысынан 1694 маман 20 мамандық бойынша біліктіліктерін арттырды. Дәрігерлер мен медбикелердің білімдері мен дағдыларын жетілдірудегі іссапар шығындары миллиондаған теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді. Тек 9 мамандық бойынша ауылдық емхананың дәрігерлері ҚазМУ Алматыдағы білім базасына барып өтіп келді. Өз кезегінде, ынтымақтастық туралы меморандум аясында облыс халқы ҚазМУ-нің профессорларынан консультативтік-диагностикалық кеңес алуға мүмкіндік алды. Бұл жобаны іске асыруда облыстағы денсаулық сақтау саласы мамандарының жетіспеушілігі мен біліктіліктерін көтеру қажеттіліктері ескерілгендігін атап өткен жөн.
Фариза ОМАРОВА