КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІҢ САНЫ ТӨМЕНДЕДІ
Прокурорлық қадағалау шараларымен 16854 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды. Оның ішінде азаматтардың еңбек құқықтарының қорғалуы тұрақты бақылауда. Барлығы 35 кәсіпорынның 9 мың жұмысшы алдындағы 742 млн теңге жалақының төленуі қамтамасыз етіліп, еңбек құқықтары қорғалды. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстың бас прокуроры Сапарбек Нұрпейісов хабарлады.
- Сонымен қатар уәкілетті органдармен қабылданған шаралар нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің саны төмендеді. 2013 жылы 18 жасөспірім өз-өзіне қол салса, 2014 жылы 6 жасөспірім тіркелген, - деді С.Нұрпейісов.
Айта кету керек, 2014 жылы облысымызда тіркелген қылмыс 13,9 пайызға азайған. Оның ішінде ауыр қылмыс 4,4 пайызға, кісі өлтіру 12,5 пайызға, қарақшылық 5,6 пайызға, ұрлық 39,4 пайызға, бөтеннің мүлкін ұрлау 11,2 пайызға, алаяқтық 17,4 пайызға дейін төмендеген.
Шынар БЕКБАН