АРАЛДЫҢ АС ТҰЗЫ ЖАҢА ҚАПТАМАДА ШЫҒАРЫЛУДА
Сапалы ас тұзымен танымал «Аралтұз» акционерлік қоғамы өндіріс көлемін ұлғайтты. Брикеттелген тұз шығаратын және ас тұзына арналған қаптама шығаратын цехтар іске қосылды.
Бұл комбинат 2013 жылы толықтай қайта жабдықталды. Испаниядан арнайы құрал-жабдықтар әкелініп, орнатылды. Бүгінде комбинатта 800-ге тарта адам тұрақты жұмыс істейді. Мұнда тұздың да түр-түрі өндіріледі. Ас тұзынан бастап, мал бордақылау кезінде жемге қосып беретін брикеттелген тұз бар. Жаңадан іске қосылған цехта малға арналған тұз өндіріледі.
-Қазір нарыққа қарасақ тұзға деген сұраныс жоғары. Тұтынушылардың талабынан шығу үшін технологияның соңғы үлгісін пайдаланудамыз. Жаңадан іске қосылған цехта 4 аппарат орнатылған. Айына 1200 тонна тұз өндіруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, ас тұзы енді жаңа үлгідегі қаптамада шығады. Цехта айына 30 тонна қажетті қаптамалар дайындауға мүмкіндік бар, - дейді «Аралтұз» АҚ президенті Айдынбек Тауасаров.
Жаңадан қосылған екі цехта қосымша тұрақты 60 жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы, комбинатта айына 23 мың тоннадан астам өнім шығарылады. Кәсіпорын өнімдері негізінен, Ресей мемлекетіне жөнелтіледі. Нақтыласақ, көршілес елге айына 6400 тонна бәсекелестікке төтеп бере алатын өнімдер жөнелтіледі, ал қырғыз еліне мың жарым тонна сапалы ас тұзы жіберіледі. Түркия, Өзбекстан елдері де тұтынушылардың қатарында. Еліміздің барлық өңірі де осы Аралдың ас тұзын пайдаланып отыр. Алдағы уақытта Сауд Арабиясы, Жапония, Қытай елдерімен байланыс орнату жоспарда бар. Бұл жобалар тиімді жүзеге асып жатса, өңірдің экономикасы мен әлеуметтік дамуына айтарлықтай үлес қосылады.