«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»
Биылғы жылы еліміз бойынша Ұлы отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы кең көлемде атап өтілмек.
Елбасымыздың ізгі бастамасымен қолға алынған игілікті шараны Қызылорда «Теміржол» партия филиалы да қолға алып отыр. Филиал төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева соғыс ардагерлері Зикирия Панабеков пен Мария Важинаның үйлерінде болып, оларға керек қажеттіліктерін анықтады.
Биыл 89 жасқа аяқ басқан бұрынғы аға кондуктор Панабеков Зикирия соғыс жылдыры Германияның Люксумбург қаласында болған. Бейбіт еңбекке оралғаннан кейін 1952 жылы теміржолға аға кондуктор болып жұмысқа келіп, болат жолымыздың толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бар күш-жігерің жұмсап 30жыл жұмыс жасаған.
Ал, тоқсан үш жасқа келген Мария Важина Белоруссия, батыс Украина, Польша, Чехословакия жерлерінде арнайы құрылым құрамында әскери қызмет атқарған. Теміржол көлігіндегі 30 жыл еңбек сіңірген.
Осынау игілікті бастама аясында нұротандықтар бейбіт өмірді жақындатқан майдангерлерді назардан тыс қалдырмауға тырысты.