БІР МЕКЕМЕДЕ 13 ҰЛТТЫҢ ӨКІЛІ ЕҢБЕК ЕТУДЕ
Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясында Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы жылы аясында «Біз – көпұлтты қоғамбыз» атты іс-шара өтті. Бұл туралы облыстық ассамблея хатшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық телекоммуникациялар дирекциясында бүгінгі күні 927 адам еңбек етсе, оның 13-ы өзге этнос өкілі. Дирекцияның мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі мамандары А.Балхожаева «Қазақстан бірлігі - ұлттық татулық», Л.Құнанқараева «Қазақстан - көп ұлтты тәуелсіз мемлекет» тақырыптарында баяндама жасап, Қазақтанның әлем елдеріне бірлік пен татулықтың үлгісін көрсетіп отырғанын жеткізді.
Шараға жиналғандарды бас директордың міндетін атқарушы Б.Қалықов Ассамблея жылымен құттықтады. Сөз алған Қоғамдық келісім орталығының бөлім басшысы Е.Уайс этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді қалыптастырудағы Мемлекет басшысының бірегей саясатын, Ассамблея тарихын қысқаша баяндап өтті.