ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 7 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІНЕ БІР РЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛЕДІ
Қызылорда облысында тұратын 7 мыңға жуық тыл еңбеккеріне бір реттік әлеуметтік көмек беріледі, деп хабарлайды BNews.kz.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай Қызылорда облысының 7 мыңға тарта тыл еңбеккері жергілікті бюджеттен 30 АЕК (59460 теңге) мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек алады.
«Бұл төлем Ұлы Отан соғысы жылдары - 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында тылда жұмыс істеген азаматтарға беріледі», - делінген ҚР ДӘДМ мәліметінде.
Қызылорда облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 426 млн. теңге бөлінді.