Мемлекет басшысының жарлығымен барлық әкімдердің өкілеттігі тоқтады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдеріне қатысты жарлық шығарды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 12 маусым
№ 2