ЕЛІМІЗДІҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ КҮН АЗДАП ЖЫЛЫНАДЫ ДЕП КҮТІЛУДЕ
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде күн аздап жылынады, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, республикада ақпан айының алғашқы күндері ауа температурасы климаттық нормадан 2-6ә жоғары болады деп күтілуде. Сібір антициклонының ықпалы сақталатындықтан, ауа температурасы айтарлықтай көтерілмейді. «Еліміздің басым аумағы антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жел күшейеді деп болжануда», - делінген хабарламада. Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жалаңашкөл ауданында жылдамдығы секундына 20-25 метрге, екпіні 28 м/с-ке жететін жел соғады. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз 15-20 м/с жел соғады. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.