СПОРТПЕН ТҰРАҚТЫ АЙНАЛЫСУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ХАЛЫҚТЫҢ 24,5 ПАЙЫЗЫН ҚҰРАЙДЫ
2015 жылы И.Илья атындағы ауыр атлетика спорт кешені, 3000 орындық футбол манежі және «Мелиоратор» ЖШС есебінен ескек есу каналының құрылыстары басталады. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанынан құрылған облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев мәлімдеді.
Аймақтағы тіректі елді мекендерді дамыту мақсатында 9 елді мекенде спорт кешендерінің жобалау-сметалық құжаттары дайын. Олар: Төретам, Ақай, Сексеуіл, Тасбөгет кенттерінде және Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Жанқожа, Түгіскен ауылдары.
«Биылғы жылы облыс спортшылары республикалық жарыстарда барлығы 543 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 173 алтын, 143 күміс, 227 қола медальдар. Азия, Әлем чемпионаттарында – 17 алтын, 12 күміс, және 21 қола барлығы 50 медаль аймақ қоржынына салды» - дейді С.Мұстафаев.
Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстағы дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны жалпы тұрғындар үлесінің 24, 5 пайызын құраған.
Фариза ОМАРОВА