РЕСЕЙ СТУДЕНТТЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Кеше Ресейде білім алып жатқан қызылордалық студенттер осы жылғы мектеп бітіруші түлектермен кездесті. Олар студенттік өмірдің қызықтарымен бөлісіп, оқушыларды аймақта жоғары сұранысқа ие мамандықтарға оқуға түсуге шақырды. Айта кетейік, 2013 жылы облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Байқоңыр» II-ші инвестициялық форумында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы Ұлттық технологиялық зерттеу университетімен (МИСиС) және Санкт-Петербург мемлекеттік өсімдік полимерлері технологиялық университетімен екі жақты меморандумға қол қойылған болатын. Соның нәтижесінде осы оқу орындарында Ресей бюджеті есебінен қызылордалық жастар «Электротехника», «Тау-кен ісі», «Нанотехнология» сияқты қазіргі қоғамда сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алуда.
Жалпы алғанда, облыс бойынша Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында 109 студент, оның ішінде Мәскеу қаласында 82 студент, Санкт-Петербург мемлекеттік есімдік полимерлері технологиялық университетінде 23 студент грант негізінде, 4 студент облыстағы мұнай-газ компанияларының демеушілігімен ақылы негізде оқуға мүмкіндік алды.
Алғашқы оқу кезеңін ойдағыдай аяқтаған студенттер 11-сынып оқушыларымен кездесуде Ресейдің білім жүйесімен және оқу орындарындағы жағдайлармен бөлісті. «Жатақханамен, оқу әдебиеттерімен және басқа да маңызды оқу істерімен қиындық жоқ. Біз аймағымызға аса қажетті мамандықтар бойынша білім алуға мүмкіндіктің болғанына қуаныштымыз. Биылғы бітіруші түлектерге айтатынымыз, емтихандар көктемде, ҰБТ-ға дейін тапсырылады. Демек басты емтиханды тапсырмай жатып, грант жеңіп алуға мүмкіндіктеріңіз болады. Сондықтан жақсы оқып, өздеріңді көрсетуге тырысыңыздар», - деп оқушыларды ынталандырды.
Оқушылар, өз кезегінде, емтихандарды тапсыру және қажетті құжаттар туралы өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды. Ал қалалық білім беру бөлімінің өкілдері барлық қажетті ақпаратты университеттердің сайттарынан табуға болатынын жеткізді.