«ТҰЛПАР-ТАЛЬГОҒА» - ЖАҢА ЖЕҢІЛДІКТЕР
«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» пойыздарында бұрын енгізілген икемді баға белгілеу жүйесінің одан әрі жетіле түскенін хабарлайды. 2015 жылдың 01 акпанынан бастап алдын ала билет алған жағдайдағы жеңілдіктер мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Егер бұрын 35% жеңілдік пойыздың жүруіне 44 тәуліктен 40 тәулікке дейін қалғанда ғана берілсе, енді 35% жеңілдікті пойыздың жүруіне 10 тәулік қалғанда билет алған жағдайда және 20 % жеңілдікті пойыздың жүруіне 2 тәулік қалғанда билет алған жағдайда пайдалануға болады.
Мәселен, қазір Астанадан Атырауға дейін «Тұлпар-Тальго» пойызына билеттің базалық бағасы 14054 тенге болса билетті ертерек сатып алсаңыз оның бағасы 9223 теңгеге дейін арзандауы мүмкін.
Мұндай жеңілдіктерді «Тұлпар-Тальго» пойызының төмендегі бағыттары бойынша пайдалануға болады: 19/20 Астана-Атырау, 87/88 Ақтөбе-Астана, 79/80 Астана-Шымкент, 77/78 Алматы-Атырау, 49/50 Алматы-Ақтөбе, 89/90 Астана-Қызылорда, 67/68 Астана-Өскемен, 69/70 Алматы-Өскемен, 35/36 Алматы-Шымкент.
Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ бұрын енгізілген «Жастар», «Құрмет», «Саяхатшы» дисконттық (жеңілдікті) карттарының көмегімен де билет сатып алуға болатынын еске салады.
Алдын ала билет алудағы 35% жеңілдікті ескерсек дисконтты карталарды пайдаланған жағдайда жолаушы жалпы 52% дейін жеңілдікке қол жеткізе алады.