ҚАЗАҚСТАННАН 70-КЕ ЖУЫҚ СОҒЫС АРДАГЕРІ МӘСКЕУГЕ ПАРАДҚА БАРАДЫ
Қазақстаннан 70-ке жуық соғыс ардагері 9 мамырда Мәскеуде өтетін парадқа қатысуға мүмкіндік алып отыр. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің төрағалығымен өткен Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту мәселелеріне арналған селекторлық жиында ҚР Сыртқы істер вице-министрі Самат Ордабаев мәлімдеді.
«Мәскеудегі парадқа біздің ардагерлердің қатысуы жөніндегі жұмыс бақылауға алынды. 70-ке жуық адам барады деп көзделіп отыр. Елшілік барлық ұйымдастырушылық іс-шараларды өз мойнына алады. Қазір Қызыл алаңға үш адамға квота бар. Бұл квотаны Ресей Федерациясы бөлді. Бірақ біздің Ресеймен ерекше қарым-қатынасымыз ескеріле отырып, қазір үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Көрші елдегі біздің елшіге тиісті тапсырма берілді», - дейді С.Ордабаев.
Вице-министрдің айтуынша, осындай міндет Қазақстанның Беларусь мемлекетіндегі елшісіне де тапсырылған.