ҚАЗАҚСТАН ӘУЕЖАЙЛАРЫН ДАМЫТУ ҮШІН 167 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ
2013 жылы «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ құрылымында мемлекеттік әуежайлар желісін басқару үшін әуежайларды басқарудың арнайы компаниясы ретінде құрылған «Airport Management Group» ЖШС холдингінің қарамағына берілетін әуежайларды дамыту үшін 167 млрд теңге инвстиция тарту көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін мемлекеттік әуежайлар желісін дамыту тақырынба өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Airport Management Group» компаниясының Бас директоры Клод Бадан мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
Бұл компанияның қарамағында Астана, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Шымкент, Қызылорда әуежайдарының активтері бар. Болашақта Атырау, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Семей әуежайларының активтерін шоғырландыру жоспарланып отыр.
«Әуежайлардың инфрақұрылымын жақсарту аясында 2015-2017 жылдар аралығында ірі жобалар жүзеге асырылады. Нақтырақ айтсақ, «Астана халықаралық әуежайында» жаңа халықаралық жолаушылар терминалы салынып, ескі терминал ел ішіндегі жолаушыларға арналған терминал болмақ. Сондай-ақ, Қызылорда әуежайында да жаңа жолаушылар терминалы салынады. Шымкент әуежайының инфрақұрылымы бойынша да жаңа жоба әзірленіп жатыр. Петропавл әуежайының ұшып-қону алаңы да қайта жаңғыртудан өтеді»,-дейді К.Бадан.
Оның айтуынша, компания қарамағындағы әуежайларды дамыту үшін 167 млрд теңге тартылмақ.
«Оның ішінде 62 млрд теңге техникалық талаптарды жақсартуға, 105 млрд теңге әуежайларды дамытуға жұмсалады. 2030 жылға дейін бұл сома 22,8 млрд теңгеге ұлғаяды», - дейді ол.