ЕЛІМІЗДІҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ КҮН РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағы антициклон ықпалында болғандықтан, ашық күн райы сақталады. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында атмосфералық ағымдардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында жылдамдығы 22-27, күндіз екпіні 30 м/с-тан асатын жел соғады, түнде тұман түседі. Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде. Атырау, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Маңғыстау облысында кйе жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақтөбе облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15 м/с-ке дейін күшейеді деп болжануда.