ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕШЕНДЕРІНІҢ ЖОБАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін сәулет-қала құрылысы кеңесінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің бойында салынатын 5 кешеннің эскиздік жобасы талқыланды.
Кеңес отырысында «В» санаты бойынша «Арай» ЖК, «Сыр Маржаны және К» ЖШС, «Куламетов» ЖК және «С» санаты бойынша «Б.Байменов» ЖК , «Жиделі» шаруа қожалығының жобалары қаралды.
Барлық кешенде талапқа сай қонақ үй, автотұрақ, дәмхана, жанар-жағармай бекеттері, көлік жөндеу шеберхана, демалыс орындары болады. Бір сөзбен айтқанда, жолаушылар үшін бар жағдай жасалмақ. Әрбір кешен ұлттық нақышта безендірілетін болады. Әрқайсысында 50-70 адамнан жұмыс істейтін болады. Барлық жоба кеңес отырысында мақұлданды.