Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысы әкімін қабылдады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысы әкімін қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысына Қызылорда облысын 2022 жылға дейін кешенді дамыту жоспарының негізгі қол жеткізілген көрсеткіштері туралы есеп берілді.
Сондай-ақ әкім Қазақстан Президентінің өңірге жұмыс сапары барысында берілген тапсырмаларының орындалуы барысы туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыс халқының әл-ауқатын арттыруға және өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған тиімді шаралар қабылдаудың маңыздылығын айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Қ.Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.