ҚОЙМАДА СҮТ ӨНІМДЕРІН САҚТАУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛМАҒАН
Қызылордада 2015 жылы тұрақтандыру қорын толықтыру мақсатында облыстық бюджеттен қосымша 200,0 млн теңге қаржы қаралып отыр. Аталған қаржыға 2016,3 тонна азық-түлік сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Байқоңыр» ӘКК» агроөнеркәсіп кешені жобалары департаментінің директоры Ермек Таңжарық «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
Оның мәліметіне сүйенсек, биыл негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 11 түрі тізімге енгізіліп, бағасы тұрақты сақталуда. Тұрақтандыру қорындағы тауарлардың көлемі мен бағасын арнайы комиссия шешетін болады.
- Қоймада сүт өнімдерін айналдыруға немесе сақтауға жағдай жасалмағандықтан, қазіргі таңда 33 белгіленген тұрақтандыру қорымен азық – түліктің тек 11 әлеуметтік тауары жеткізіліп отыр. Осыған орай, жеке өндірушілер бұл азық-түлік түрлерінің бағасын көтермеу жөнінде келісілген меморандумға қол қойды, - деді департамент директоры.
Айта кету керек, бүгінгі күні Қызылордада «Дәмді» 13 әлеуметтік сауда дүкендері жұмыс істейді. Бұл дүкендерде әлеуметтік маңызы бар өнімдер нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен деңгейде сатылуда.
Шынар БЕКБАН