ҚАЗАҚСТАНДА БАРЛЫҚ МЕМОРГАНДАР МЕН ӨҢІРЛЕР БОЙЫНША БОС ОРЫНДАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛМАҚ
Қазақстанда барлық мемлекеттік органдар мен өңірлер бойынша бос орындардың бірыңғай порталы құрылады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен өткен мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыста мәлім етілді, деп хабарлайды BNews.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметі таратқандай, жиынға Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысқан. Отырыс барысында мемлекеттік қызметті жетілдіру, мемлекеттік қызметтің сапасын қамтамасыз ету, тәртіптік бақылауды іске асыру бойынша одан әрі қолға алынатын қадамдар нақтыланды.
Әсіресе тестілеу процедурасын жаңғырту, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметті дамыту мәселелерін шешу бойынша жоспар әзірленді.
Жоспарда байқау іріктеуінің ашықтығын қамтамасыз ету, мақсатты топтар бойынша «Б» корпусының кадрлық резервін құру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.
Мемлекеттік қызметке тұрғысы келетін кандидаттар үшін жұмыс іздеу процесін жеңілдету мақсатында барлық мемлекеттік органдар мен өңірлер бойынша бос орындардың бірыңғай порталы құрылады.