ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҚР ҚК-ІНІҢ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРІНДЕ АРДАГЕРЛЕР ФОТОГАЛЕРЕЯСЫ ЖАСАЛАДЫ
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде «Мәңгі есімізде» - «Память вечна» акциясы басталды. Бұл шара қазақстандықтардың бірнеше буын ұрпағын біріктіреді, яғни оның ішінде сұрапыл соғыстың қиямет-қайымын өз көзімен көргендер де, осы жылдардың ызғарын естіп-білу арқылы ой түйгендер де бар, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жеңістің 70 жылдығына орай Қарулы күштерде фотогалерея жасалады. Онда ҚР ҚК өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері және олардың ҰОС ардагерлері болған туған-туыстары көрініс табады. Бұл фотосуреттер арнайы баннерде орналастырылып, әскери бөлімшелерге ілінеді.
Фотогалеряда соғыста қаза тапқандар, соғыстан кейін дүниеден озған ардагерлер мен қазірге дейін көзі тірі ардагерлердің 1930-шы жылдардан бастап қазіргі кезге дейінгі ақ-қара немесе түрлі-түсті фотосуреттері қамтылады.
Әр суреттің астына әскери қызметшінің және ардагердің аты-жөндері жазылады. Баннер дайындалғаннан кейін ол Астанада Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімінде «Отан қорғаушылар» алаңында салтанатты түрде табысталатын болады.