Ашық есік күні өтеді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 24 мамыр – 7 маусым аралығында Қызылорда облысы тұрғындары үшін жылу-электрмен жабдықтау сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінде ашық есік күні өтеді. Бұл іс-шара ағымдағы жылдың 20 маусымына жоспарланған Энергетика министрлігінің есеп беру кездесуіне дайындық барысында өткізіледі.
Сонымен қатар, энергетика министрлігінің сайтында «Энергетика министрінің халық алдында есеп беру Форумы» құрылған, онда кез-келген азамат Министрге сұрақтар қою мүмкіндігі бар.
Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Қызылжар тұйығы-3, АЭҚБК-нің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті. (Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйінің жанында).
Өтетін уақыты: Сағат 09:00-12:00 дейін және 14:00-18:00 дейін.
Байланыс телефондары: 8(7242)70-14-64, 70-14-84, ұялы тел. 8-705-104-61-07, 8-777-370-81-09.