ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫН ЖАЗҒЫ/ҚЫСҚЫ УАҚЫТҚА АУЫСТЫРУ МӘСЕЛЕСІН ҚАЙТА ҚАРАУ КЕРЕК
Қостанай облысын жазғы/қысқы уақытқа ауыстыру мәселесін қайта қарау керек. Кеше Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Ольга Киколенко осы мәселені көтерді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сенатта Қызылорда облысына қатысты дәл осындай мәселе көтерілген еді.
Депутат өз сөзінде 2005 жылдан бастап Қостанай облысында медициналық себептерге, шет елдердің тәжірибелеріне сүйене отырып, жазғы уақытқа ауысу тоқтатылғанын атап өтті. «Жалпы республикамыз бойынша барлық өңірлерде географиялық белдеулер сәйкеседі, азғантай айырмашылықтар да бар. Алайда, Қостанай және Қызылорда облыстарында олай емес», - дейді депутат О. Киколенко.
Оның айтуынша, Қостанай облысындағы стандартты уақыт географиялық белдеу уақытынан 1 сағат 46 минутқа озып кетеді, бұл республикадағы барлық облыстар арасында ең жоғары көрсеткіш екен.
«Осындай өзгешеліктің өзі астрономиялық уақыттағы айырмашылықты аңғартады, ал бұл барлық санаттағы азаматтардың, соның ішінде балалардың өмір сүру ырғағына әсер етпей қоймайды. Өйткені, балалардың биологиялық ояну, сергу уақыты біршама кейінірек болатыны белгілі. Сондықтан да, Қостанай обысының уақытын жергілікті географиялық табиғи уақытпен сәйкестендіру мәселесі қаралса игі», - деді депутат О. Киколенко.