ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ - ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ
Арал ауданында Қызылорда облысы әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығы мен "Жастарды қолдау орталығы" МКМ-нің ұйымдастыруымен Конституцияның қабылданғанына 20 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеяның құрылғанына 20 жыл, Қазақ хандығына 550 жыл толуына орай аудандағы өзге ұлт өкілдерімен кездесу өтті.
Жиын барысында алдағы мерекелік шаралардың маңыздылығы жұртшылыққа жеткізіліп, этносаралық келісім мен татулықты нығайту бағытындағы жұмыстар таныстырылды. Сонымен қатар, кездесуге қатысушыларға «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының қағидаттары түсіндірілді.
Кездесуге қатысқан этнос өкілдері тарапынан ана тілін, салт-дәстүрлерін одан әрі нығайту мақсатында тарихи отандарымен, өзге мемлекеттердегі қазақ диаспораларымен байланыс жасауға ықпал ету мәселелері де көтерілді.