ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА АШЫҚ КҮН РАЙЫ САҚТАЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында атмосфералық ағымдардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады, тұман түседі, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 17-22, күндіз екпіні 28 м/с-ке жететін жел соғады, түнде тұман түседі деп күтілуде. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Атырау, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады. Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады деп болжануда.