ОБЛЫСТА БАЛЫҚ АУЛАУ КӨЛЕМІ 40 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС) жобасының бірінші кезеңінінің жүзеге асуынан Кіші Арал теңізі, көптеген су айдындары, көлдер қалпына келіп, балық аулау көлемі 15 есеге артты.
Соңғы 3 жылда облыста балық аулау көлемі 40 пайызға өссе, соның ішінде, кіші Арал теңізі бойынша балық аулау 33,6 пайызға ұлғайып отыр.
Бүгінгі таңда, облыста балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені мен жергілікті маңызды 179 көлдер бар.
Бүгінгі күні, Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі мен 149 көл табиғат пайдаланушыларға ұзақ мерзімді пайдалануға бекітіліп берілген.
Соңғы жылдары балық өңдеу саласы қарқынды дамып келеді.
Бүгінгі таңда, Арал, Қазалы аудандарында жылдық қуаттылығы 11 мың тоннадан астам 8 балық өңдеу зауыттары жұмыс атқаруда..
Шығарылып жатқан негізгі өнімдер балық филесі, ысталған, мұздатылған, қатырылған балық, балық ұны.
2013 жылдың соңында бұрынғы «Атамекенбалықөңдеу» зауыты жергілікті кәсіпкерге жалға беріліп, «Арал балық өңдеу зауыты» ЖШС-і болып қайта құрылды.
Кәсіпорын әкімшілігі халықаралық сапа стандарты мен еврокод алу бағытында шаралар жүргізуде.
Кәсіпорын балық өнімдері негізінен республикада Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Ресей, Грузия мемлекеттеріне жіберілуде. Сонымен қатар, Австрия, Германия, Польша мемлекеттерімен келісімдер жасалуда.
Осы сияқты, облыстағы ірі балық өңдеу кәсіпорындардың бірі «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-ің балық өңдеу зауыты. Зауытта тұрақты 80 адам жұмыспен қамтылған. Жыл басынан бері 400 тоннаның үстінде балық қабылданып, өңделген.
Соңғы жылдары, балық өнімдерінің экспортының көлемі артып келеді. Мәселен, 2014 жылы құны 3,1 млн. АҚШ доллары болатын 500 тоннадан астам тонна балық өнімдері Грузия, Дания, Польша, Австрия, Германия мемлекеттеріне экспортталды.
2006 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген Арал қаяз балығының генофондын сақтау жобасы жүзеге асырылып келеді. Жоба басталғалы бері 45-50 мың дана қаяз балығының шабақтары күріштік алқаптардан жиналып, уақытша тоғанда өсіріліп, Кіші Арал теңізіне жіберілуде.
Қаяз балығының аналық тобының қалыптасып, уылдырық шашу жасы 10-11 жыл екендігін ескерсек, алдағы 5-6 жылда қаяздың аналық тобы қалыптасып, табиғи өсу деңгейіне жететін болады.
Балық өнімінің көлемін арттырудың бірден-бір жолы тауарлы балық шаруашылылықтарын ұйымдастыру.
Тауарлы балық шаруашылықтарын дамыту облыста өткен жылдан бастап қолға алына бастады. Соңғы 2 жылда 9 шаруашылыққа тауарлы балық шаруашылығы статусы берілді. Алдағы 2-3 жылда олардың санын 20-ға жеткізу шаралары жүргізілетін болады.
Сөйтіп, біз ауылдық өңірлерде қосымша жұмыс орындарының құрылуына жәрдем көрсететін боламыз.
Осыған байланысты, Арал өңірінің балықшылық кәсібін одан әрі жетілдіру мақсатында, облыс әкімдігімен Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2015 - 2017 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді.
Сонымен қатар, жақын арада Арал өңірінде облыс балықшыларының 1-ші слетін өткізу жоспарлануда.