ҚЫЗЫЛОРДАДА ТӨРТ ӘЛЕУМЕТТІК САУДА НҮКТЕСІ АШЫЛДЫ
Қызылордада тағы да төрт әлеуметтік сауда нүктесі ашылды. Онда азық-түлік өнімдері халыққа нарықтық бағадан арзан бағамен сатылады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қалада 12 әлеуметтік сауда павильоны бар. Онда «Қызылорда қаржы компаниясы» мамандандырылған ұйымы мен «KZ тамақтану комбинаты» жекеменшік серіктестігі арасындағы меморандумға сәйкес, Қазақстанда белгіленген шекті бағалардан аспайтын бағамен ең қажетті өнімдер сатылады, - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дәуірбек Әбуов. – Жұмыс істейтін нүктелерге қосымша «Төмен баға» деп аталатын 4 әлеуметік-сауда нүктесі ашылды».