ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШ ӨҢІРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТТАРЫ МЕН ЖЕКЕ КУӘЛІКТЕРІ ШЫМКЕНТТЕ ДАЙЫНДАЛМАҚ
Еліміздің үш облыстың тұрғындары үшін төлқұжат пен жеке куәлік Шымкентте дайындалатын болды.
Қалада ҚР ІІМ ақпараттық-тіркеу орталығының филиалы ашылды. Енді Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының тұрғындары үшін төлқұжаттар мен жеке куәліктер Шымкентте дайындалатын болды.
«Бұл орталықтың ашылу маңызы - енді үш облыстың тұрғындары құжаттарын тезірек ала алады. Оның мерзімі 30 күннен 15-20 күнге дейін қысқарады. Бұрын құжаттарды Алматы мен Астанада ғана дайындайтын», - деп атап өтті ҚР ІІМ басшысының орынбасары Серік Жақыпов.
Орталықты ашу үшін республикалық бюджеттен 756 млн. теңге жұмсалды. Бұл қаражатқа құжатты дайындайтын жабдықтар сатып алынды. Орталықтың күніне шамамен 1,5 мың жеке куәлік пен 800 төлқұжат дайындауға мүмкіндігі бар.