ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде ауданда этносаралық татулықтың нығаюына үлкен үлес қосып жүрген қаржы саласының ардагері Ким Лидия Семеновнамен кездесу өткізілді. Л.Ким - ауданның қаржы саласында 30 жылға жуық үзбей жемісті еңбек етіп, абыроймен зейнетке шыққан ардагер. Оның еңбек жолы бүгінгі жастарға үлкен үлгі.
Сондықтан, кездесу барысында Л.Ким жас қызметкерлерге өзінің өмір жолының қызықты да әсерлі кезеңдері туралы айтып, еңбектің адам үшін аса маңыздылығына тоқталды. Кез келген этнос өкілінің тіліне, дініне, шыққан тегіне қарамастан барлығының тең, бейбіт өмірде еңбек етіп отырғандары үшін Елбасыға, қазақ халқына ризашылығын білдірді.
Сонымен бірге, Жалағаш аудандық кітапханасында «Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірегей құрылым» атты ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды.