Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары басталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары басталды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Сапар барысында Қазақстан Президенті өнеркәсіп кәсіпорындарын аралап, өңірдің инфрақұрылымдық даму жоспарымен танысады.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік және мәдени нысандарында болып, жұртшылық өкілдерімен және еңбек ұжымдарымен кездеседі», - делінген хабарламада.