ЖАНДОС ТҰСМАҒАМБЕТОВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
«Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы төрайымының орынбасары қызметіне Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы тағайындалды.
Жандос Бектайұлы 1987 жылдың 14 тамызы күні Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетіне «Экология» мамандығына оқуға түсіп, 2008 жылы осы мамандықты «Болашақ» университетінде жалғастырып, үздік дипломмен тәмамдап шыққан. Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заңтану мамандығының магистранты.
Еңбек жолын 2006 жылы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» Қауымдастығының маманынан бастаған Жандос Тұсмағамбетов Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастарды қолдау орталығы» МКМ-нің директоры қызметтерін атқарған.
Ж.Тұсмағамбетов он жыл ішінде республика және облыс көлемінде азаматтық қоғамды дамытуға өзіндік үлесін қосқаны үшін ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірнеше дипломдарымен, Қызылорда облысы әкімдігінің алғыс хаттарымен, сондай-ақ, 2011 жылы белсенді азаматтық бастамасы үшін республикалық «Таным» сыйлығының иегері сонымен қатар, «Сыр үміті» облыс әкімінің жастар сыйлығымен марапатталған.