ЕЛІМІЗДІҢ СОЛТҮСТІГІНДЕ КҮН РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағы антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады. Тек республиканың солтүстігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде аздаған қар жауып, бұрқасындатады, жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, бұрқасын болады. Ақмола облысында, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі деп болжанған.