ОРТА БИЗНЕСТЕГІ КӘСІПОРЫНДАРДЫ ҚОЛДАУ БОЙЫНША ЖАҢА БАҒДАРЛАМА ЖАРИЯЛАНДЫ
2015 жылдың 27-ші қаңтар күні Қызылорда облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреевтің, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның жоба басқарушысы Ермек Қазымның , мемлекеттік органдар, екінші деңгейлі банктер өкілдері және «Даму Қоры» АҚ қызметкерлері қатысуымен өңір кәсіпкерлерімен кездесу болып өтті.
Ермек Қазым кездесу қатысушыларына орта бизнестегі кәсіпорындарды қолдау бойынша бағдарлама туралы баяндама жасап, Бағдарламаға өз өнімдерін экпорттаған, сәйкестенген кірісі, өсім қарқыны мен тұрақты қаржы көрсетіштеріне ие орта бизнестегі кәсіпорындар қатыса алады.
Экономика секторлары ішінде басымдық машинақұрылысы, тамақ өнеркәсібі мен құрылыс заттарын өндіру салаларына беріледі. Кездесуге осы салаларда кәсіпкерлікпен айналысатын 40-қа жуық кәсіпкер қатысты. Жиынға қатысушы бірнеше кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысуға ынта білдіріп, ендігі жерде өз өтініштерін беретіндігін хабарлады.
Бағдарлама «Бәйтерек» холдингінің еншілесі құрылымдары – «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «Қазына капитал менеджмент» АҚ және «Қазэкспортгарант» АҚ арқылы жүзеге аспақ. Аталған институттардың әрқайсысы бағдарламаны жүзеге асыру үшін өз қолдау құралдарын ұсынады. Олардың ішінде – тікелей несиелеу, лизингтік келісімдерді қаржыландыру, пайыз мөлшерақыларын субсидиялау, экспорттық сақтандыру, экспорт алдындағы қаржыландыру мен сауда үрдістерін қаржыландыру және инновациялық гранттар бар. Сөйтіп, Бағдарлама «бір терезе» ұстанымы бойынша орта бизнестегі кәсіпорындарға кешенді қолдау жасауға жол ашады.
Бағдарламаның жүзеге асуы нәтижесінде өңірлік және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті бола алатын компанияларды құру мен шикізатты емес экспорт пен импорттыалмастырудың қарқынына қол жеткізу жоспарланып отыр. Мұнымен қоса, нәтижесінде еңбек өнімділігі мен салық түсімін, сондай-ақ ішкі жалпы өнім көрсеткішін жоғарылататын жоғарытехнологиялық және энергоүнемді өндірісті дамыту алға қойылған.
Холдинг пен оның еншілес құрылымдарының басшылары мұндай кездесуді Қазақстанның әр аймағында өткізуді жоспарлап отыр.