МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫН АРТТЫРУДЫ КӨЗДЕЙДІ
Қызылордада қасақана банкроттық белгілері бар 21 ұйым анықталды, оның 7-не қылмыстық іс қозғалған. Аталған ұйымдардың бюджет алдындағы кредиторлық қарыз сомасы 225,4 млн.теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Мұстафаев мәлімдеді.
Бұған дейін облыстық салық және кедендік органдарының бірігумен Мемлекеттік кірістер департаменті құрылған болатын. Оған қоса қаржы полициясының экономика саласы бойынша кейбір міндеттер осы департаментке қарайды. Мемлекеттік мекеменің негізгі мақсаты-көлеңкелі экономиканы төмендетіп, қазына қаржысын арттыру.
«Өткен жылы барлық мемлекеттік кіріс басқармалары жергілікті бюджет бойынша белгіленген болжамды орындады. Жалпы, 2014 жылға шоғырландырылған бюджетке салықтар мен төлемдер жиынтығы 402,2 млрд.теңге түсті» - дейді Серік Мұстафаев.
Сондай-ақ, өңіріміздегі өндірілген кедендік төлемдер мен салықтар былтырғы жылмен салыстырғанда 37 пайызға төмендеп кеткен. Оның себебін «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры, «Жезқазған-Сексеуіл» темір жол құрылысы сияқты ірі жобалардың аяқталуынан, - деп түсіндірді департамент басшысы.
Фариза ОМАРОВА