«БІЗ ЕШҚАШАН ҰЛТҚА БӨЛІНБЕЙМІЗ»
Жаңақорған ауданында суретші - зейнеткер тұрады. Ұлты түрік болғанмен, жүрегі қазақ деп соғатын Афрайль Юсупов 1941 жылы Грузия ССР-нің Адигер ауданында дүниеге келген, 1944 жылы Сыр өңіріне жер аударылған.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1948 жылы кент орталығындағы №169 орта мектепіне қабылданып, 1958 жылы бітірген. Ал жоғары білімді Қызылорда құрылыс училищесінде, кейін Мәскеу қаласындағы көркемсурет университетінде білім алған. Еңбек жолын 1970 жылдан бастаған ол бүгінге дейін мектептерде «сурет- сызу» пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Ал бүгінде зейнеткер ұстаз.
«Біз ешқашан ұлтқа бөлінбейміз. Себебі қиын қыстау кезеңде бауырына басып, бір нанды бөліп жеп, бір көжені бөліп ішкен қазақтарға деген алғысымыз шексіз. Осында ер жеттім, білім алдым, отбасын құрдым. Еш қиыншылық көрмедік. Сондықтанда түріміз бен тіліміз басқа болғанмен жүрегіміз «Қазақстан» деп соғады», - дейді бізбен әңгімесінде Афрайль Шамилович.
Айта кетейік, қолы бос уақытында сурет салумен айналысатын Афрайльдың бүгінде 200-ден астам туындылары бар. Олардың кейбірі өзге елдердің көрмелеріне қойылса, кейбірі облыстық, республикалық байқаудың жүлделерін иемденген.
Шынар БЕКБАН