ҚСЗИ ӘЛЕМДІК САРАПТАМАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ 2014 ЖЫЛҒЫ РЕЙТИНГІСІНДЕ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ
Сараптамалық орталықтардың 2014 жылға арналған әлемдік индекс-рейтингісінде ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) Кавказ, Орталық және Оңтүстік Азия елдері орталықтарының арасында үздік үштікке еніп отыр. Сондай-ақ, энергетика және шикізат саясаты саласындағы әлемдік сараптамалық орталықтар арасында алғашқы отыздықтан көрінді. Олардың арасында РЭНД корпорэйшн (5-орын), Американдық Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы – CSIS (11-орын), Британияның энергетикалық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі зерттеу орталығы – EUCERS (18-орын) сияқты сараптамалық құрылымдар бар.
Аталған рейтинг Пенсильвания университетінің «Сараптамалық орталықтар және азаматтық қоғам» атты зерттеу бағдарламасы аясында түзіледі. Сараптамалық құрылымдардың жетістіктеріне қарай бағалау 1989 жылдан бері жүргізіліп келеді. Зерттеуге әлемнің барлық өңірінен 6500-ден аса «ақыл-ой» орталықтары алынады.
2014 жылдың рейтингісі мен аталымдары мынадай критерийлер негізінде түзілді:
– Ғылыми-сараптамалық жұмыстардың сапасы мен беделі: жоғары сапалы, объективті, саяси зерттеулер. Және оның мемлекет басшылығына, БАҚ пен қоғамға қолжетімділігі;
– Орталық қызметкерлерінің кәсібилігі мен абыройы: біліктілігі жоғары, тәжірибелі ғалымдар мен сарапшыларды жинауы, зерттеулер саласында мойындалған мамандарды тартуы;
– Жүргізілген зерттеулердің ғылыми объективтілігі, орталықтың ғалымдары мен сарапшыларының ресми аттестациясы, ғылыми жарияланымдардың сапасы мен түрлері – кітап, журнал, конференциялар материалдары, ғылыми және кәсіби іс-шаралардағы баяндамалардың, орталық мамандары жазған ғылыми мақалалардың саны;
– Нақты бағдарламаларға, брифингтер мен ресми кездесулердің санына, саяси материалдардың шығуына байланысты танымалдығы;
– Зерттеулердің нәтижесін тарату мақсатында электронды және дәстүрлі ақпарат құралдарын пайдалана білу мен негізгі аудиториямен байланыс орнатуы.
Айта кетейік, 2013 жылғы рейтинг бойынша да ҚСЗИ Кавказ, Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің сараптамалық орталықтарының ішінде алдыңғы қатардан орын алған болатын.
ҚСЗИ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылдың 16-маусымында ашылған. Институттың құрылған сәтінен бергі негізгі міндеті – мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі ретінде ҚР Президентінің жұмысын ғылыми-сараптамалық тұрғыда қамтамасыз ету.
ҚСЗИ баспасөз қызметі