Септігі зор саяси науқан
Бәрімізге белгілі, 9 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жариялағаннан кейін «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымына тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл оқиға біздің қоғамда үлкен серпіліс тудырды.
Мемлекетіміз тәуелсіз ел болғалы екінші мәрте өтетін кезектен тыс Президент сайлауы өтетін күн белгіленді. Аса маңызды саяси науқан барынша ашық, әрі әділ өтетіндігіне Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өзі кепілдік білдірді.
Жауапты науқанды үлкен де, жас та терең сезініп, бір кісідей атсалысуы тиіс. Себебі, еліміздің болашағы, оның берекелі тірлігі ел тізгінін қолына алатын азаматтың қолында болады. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегендей халқымыздың келешектен үміті зор. Бүкіл әлем көз тіккен тұста елдегі тұрақтылық пен бейбітшілік нығая түсіп, ауызбірлігімізді көрсетуге тиіспіз деген ойдамын.
Б.ДҮЗІМБЕТОВ
Сырдария ауданы, кәсіпкер