Қызылорда облысы әкімінің құттықтауы
Құрметті жерлестер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біз – бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолына жұмылған қуатты елміз.
Бүгінде көпэтносты республикамызда 130 этникалық және 18 конфессиялық топтың, соның ішінде біздің облыста 35 этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
Басты игілігіміз – көпэтносты мемлекетіміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігі.
Қадірлі сырбойылықтар!
Достық пен татулық, ынтымақ пен бірлік мерекесінде Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ырыс-несібесі арта берсін!
Мерекелеріңізбен, қымбатты жерлестер!
Құрметпен,
Қызылорда облысының әкімі Қ.КӨШЕРБАЕВ.
Қызылорда облысының әкімі Қ.КӨШЕРБАЕВ.